19.06.2015, 20:14 3776

Астанада медициналық қызметкерлер арасында өткізілген "Кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын маусым айыныӊ үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара аясында 12 аталым бойынша өткізілген "Кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Медициналық қоғамдастық алдында атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын маусым айыныӊ үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара аясында 12 аталым бойынша өткізілген "Кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Медициналық қоғамдастық алдында атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрініӊ Орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері және еліміздіӊ медицина қоғамдастығы өкілдері (1300-ден астам адам) қатысты.

Еліміздіӊ медициналық қоғамдастығын кәсіби мерекемен құттықтаған Министр дәрігерлердіӊ болашақ ұрпақтыӊ және жалпы ұлт денсаулығын сақтауға бағытталған еӊбегі тек алғыс пен құрметке лайық екенін атап көрсетті.

Елдіӊ экономикалық және әлеуметтік дамуыныӊ маӊызды факторы ретінде денсулық сақтау саласына қазіргі заманда ерекше көӊіл бөлінеді. Бүгінгі таӊда пациенттерге қолжетімді диагностика мен емдеудіӊ жаӊа және бірегей технологиялары дамуда. Замануи клиникалар бой көтеруде. Медициналық білім мен ғылым жаӊғыртылуда. Дәрігерлердіӊ жалақысы біртіндеп артуда.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру биыл аяқталады. Аталған бағдарлама аясында өӊірлерді қаржыландырудағы теӊсіздік жойылып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансферті іске асырылды, халықтыӊ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсара түсті.

ҚР ДСИДМ 2016-2020 жылдарға арналған денсулық сақтауды дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Оныӊ басым бағыттарыныӊ бірі елдіӊ бүкіл денсаулық сақтау жүйесініӊ құрылымы мен қағидаларын анықтаушы ретінде медициналық санитариялық алғашқы көмек буынын дамыту болады. Сондай-ақ, медициналық білімді жетілдіру негізінде кадрлық әлеуетін дамыту, жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау қажеттігін ескере отырып, тәжірибелік базаларын нығайту, оқу жоспарларын және бағдарламаларын өзгерту қарастырылған. Тағы бір маӊызды бағыт - профилактика, аурулардыӊ алдын алу, ерте анықтау және емдеуді медициналдық көмектіӊ бірегей үрдісі ретінде қарастыратын ауруларды басқару жүйесін енгізу боп табылады.

Салтанатты жиында 12 аталым бойынша "Кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды:

"Үздік дәрігер" - Павлодар облыстық балалар ауруханасыныӊ травматологы Бақытбек Текіманов; "Үздік ауыл дәрігері" - БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханасыныӊ жалпы тәжірибе дәрігері Қарлығаш Асқарова; "Үздік менеджер - денсаулық сақтау ұйымдастырушысы" - Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасыныӊ бас дәрігері Инуар Аманов; "Үздік мейіргер" - Қостанай қалалық балалар ауруханасыныӊ жансақтау және қарқынды терапия бөлімініӊ мейіргері Оксана Ткаленко;

"Үздік фельдшер" - Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметініӊ бас фельдшері Қанат Құрманов;

"Үздік денсаулық сақтау саласыныӊ тәуелсіз сарапшысы" - Ақмола облыстық ауруханасыныӊ операциялық блогыныӊ меӊгерушісі Асқар Рашитов;

"Үздік ЖОО оқытушысы" - Семей қаласыныӊ Медициналық мемлекеттік университетініӊ ішкі аурулар кафедрасыныӊ доценті Людмила Пивина;

"Үздік колледж оқытушысы" - Республикалық медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау колледжініӊ ғылыми әдістемелік орталығыныӊ оқытушысы Светлана Сахишева;

"Үздік түлек" - Астана медицина университетініӊ түлегі Анастасия Роговая;

"Үздік ғалым" - Қарағанды медициналық университетініӊ ғылыми-зерттеу орталығыныӊ директоры Ілияс Изизов;

"Үздік санитар дәрігер" - Лаура Насырова;

"Үздік провизор" - "Жаӊамед-ПВ" фармацевтикалық компаниясыныӊ директоры Евгений Больгер.

"Мейірім" аталымында КСРО және Қазақ КСР құрметті доноры, қан донациясы саны жағынан әлемде 2 орынды алатын Александр Скаковский жеӊімпаз боп танылды.

Жеӊімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды ҚР Парламентініӊ депутатары мен көрнекті қоғам қайраткерлері табыстады.

Денсаулық сақтау жүейесіне елеулі үлес қосқан еліміз өӊірлерініӊ медициналық қызметкерлері ҚР Үкіметініӊ алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтантты жиын соӊы Қазақстанныӊ Еӊбек Ері, Қазақ КСР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Андрей Трегубенко, әнші Қарақат Ибілдина және өзге де белгілі қазақстандық орындаушылардыӊ қатысуымен концертке ұласты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны