16.05.2014, 20:43 4362

Астанада Мейірбикелер қызметін дамыту тұжырымдамасы мақұлданды

Бүгін Астанада "Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуде мейірбике қызметінің рөлі" тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сарапшылар ҚР-да 2020 дейін Мейірбикелер қызметін дамыту тұжырымдамасын мақұлдады.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуде мейірбике қызметінің рөлі" тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сарапшылар ҚР-да 2020 дейін Мейірбикелер қызметін дамыту тұжырымдамасын мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі конференцияда Қазақстандағы мейірбике ісін дамытуға арналған және халықаралық деңгейге негізделген іс-шараларды жалғастыру қарары қабылданады.

"Қазақстан үшін мейіргерлер қызметін дамыту осы саладағы барлық білім беру деңгейінің дамуын білдіреді. Сонымен қатар, ол тәжірибеге білім деңгейіне сәйкес қызметіне байланысты мейіргерлер қызметі мамандарының институтын енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде медициналық ұйымдарда тең құқылы дәрігерлік және мейіргерлік құрылымдар, менеджмент жүйесі дамиды. Сондай-ақ, мейіргерлік қызметтің мамандарын және олардың құжаттарын тіркеу, мейіргерлік инновациялық технологиялырды енгізу ісі де алға баса бермек", - делінген қарарда.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам медбикелер еңбек етуде. Ал, мамандарды даярлауда 25 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық колледждер тер төгуде.

"Соңғы жылдары жергілікті жұрттың денсулығына қатысты көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Болжам бойынша өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін көтеріледі. Қуаныштысы сол, соңғы 3 жылда ана өлімі 3 есе, сәби өлімі 25%-ға қысқарды", - деп Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова алғы сөзінде ағынан жарылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы отбасылық тәжірибені дамыту бойынша шаралар әлі де қабылданып жатқанын тілге тиек етті.

Министрдің мәліметі бойынша, алғашқы нәтиже үшін ынталандыруы бар жаңа қаржыландыру жүйесі енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны