31.10.2016, 16:35 6960

Астанада мектеп кітапханашылары озық тәжірибелерімен бөліседі

Семинардыӊ басты мақсаты - қалалық жалпы білім беру мектептеріне мектеп кітапханасы жұмысын жетілдіру, оқушыларға ғылыми зерттеу жұмысын жасатудыӊ әдістері, мектеп қауымдастығындағы кітапханашыныӊ ролін дамыту және тығыз әріптестік орнату.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылы 1-қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымыныӊ ұйымдастыруымен "Мектеп кітапханасы - білім беру процессініӊ белсенді қатысушысы" тақырыбында 40 астам жалпы білім беру және Республикалық физика-математика, сонымен қатар Республикалық "Жас Ұлан" әскери мектептерініӊ кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылады.

Семинардыӊ басты мақсаты - қалалық жалпы білім беру мектептеріне мектеп кітапханасы жұмысын жетілдіру, оқушыларға ғылыми зерттеу жұмысын жасатудыӊ әдістері, мектеп қауымдастығындағы кітапханашыныӊ ролін дамыту және тығыз әріптестік орнату.

Іс-шара аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерініӊ педагог- кітапханашылары отандық және халықаралық деӊгейдегі озық тәжірибелерімен бөліседі. Атап айтсақ, "Халықаралық PISA зерттеу бағдарламасыныӊ аясында оқушылардыӊ функционалдық оқу сауаттылығын арттыру", "Академиялық шыншылдық және плагиат", "BIG6", "Guided Inquiry" зерттеу моделі", "Оқуды жетілдіру барысында қолданылатын жаӊа әдістер мен тәсілдер - "Интеллект карта", "Граффити стилін қолданып, "Scribing" бағдарламасын қолдану, "Граффити стилініӊ оқуды насихаттаудағы әдістері мен түрлерін дамытудағы орны", "Джоанна Бэсфордтыӊ Art-терапия әдісімен өз ойын білдіру мен креативті ойлау қабілеттерін дамыту", "Кітапханашыныӊ пән мұғалімдерімен кіріктірілген сабақты ұйымдастыруы" тақырыптарында теориялық және практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны