25.05.2015, 18:26 3866

Астанада мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізушініӊ есімі анықталды

Астанада бүгін жаяу жүргіншілерге арналған жолда кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен "Toyota Land Cruiser" көлігі жүргізушісініӊ есімі мен мерт болған мектеп оқушысыныӊ аты-жөні анықталды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Астанада бүгін жаяу жүргіншілерге арналған жолда кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен "Toyota Land Cruiser" көлігі жүргізушісініӊ есімі мен мерт болған мектеп оқушысыныӊ аты-жөні анықталды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

"Көлікті 1983 жылғы әйел жүргізген. Қаза тапқан бала 2003 жылы дүниеге келген. Қазіргі кезде "Абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесі және көліктік құралды басқару ережесін бұзу" 345-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері өткізіліп, тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін күндізгі сағат 12-і шамасында А.Иманов көшесімен келе жатқан "Toyota Land Cruiser PRADO" көлігініӊ жүргізушісі Қажымұқан көшесініӊ қиылысында бұрылуы кезінде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны