20.10.2015, 11:01 4579

Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау өтеді

Астанада 2-13 қараша аралығында кезекке тіркелген барлық жас топтарыныӊ балалары үшін жаӊадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі. Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Астанада 2-13 қараша аралығында кезекке тіркелген барлық жас топтарыныӊ балалары үшін жаӊадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі. Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау № 61 орта мектекте әр сәрсенбі күні сағат 10:00-17:00 аралығында өткізіледі. Астана қаласыныӊ тұрғындары (http://egov.kz/ порталынан ЖСН, аты-жөні және баланыӊ туған жылын енгізу арқылы білуге болады) электрондық қызметтен кезектіӊ жылжығанын көре алады. Егер кезек нөмірі көрсетілмеген жағдайда, жұмыс топтарына хабарласудыӊ қажеті жоқ. Балабақшаныӊ орналасқан мекен-жайы сізді қанағаттандырмаған жағдайда жолдамадан бас тарта аласыз. Бұл ретте сіздіӊ кезегіӊіз сақтаулы қалады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жеӊілдік санатындағы азаматтардыӊ назарына! Қарастырылған қолдаухаттардыӊ нәтижелерін 9-13 қараша аралығында білуіӊізге болады.

Топтау кестесіне жолдама алу үшін көрсетілген кезек нөміріне сәйкес Қарталы көшесінде орналасқан № 61 орта мектепке бару керек.

Топтау аяқталған соӊ 1 желтоқсанда http://egov.kz/ порталынан кезектіӊ жылжығанын көруге болады. Жұмыс тобыныӊ кестесімен Астана қаласы әкімдігініӊ ресми сайтындағы "Ақпараттар бюросы" айдарынан толыққанды таныса аласыздар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны