04.12.2007, 15:51 2881

Астанада мектепке дейінгі тәрбиеге балалардың небәрі 50 пайыздайы ғана қамтылған

Астанада мектепке дейінгі тәрбиеге балалардың небәрі 50 пайыздайы ғана қамтылған

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мектепке дейінгі тәрбие аясына 2-ден 6 жас аралығындағы балалардың небәрі 50 пайыздайы ғана қамтылған. Мұндай мәліметті бүгін "Даранды балалар - ұлт игілігі" атты "дөңгелек үстел" барысында Астананың білім департаментінің директоры Исима Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта Астанада мектепке дейінгі тәрбиеге 2-ден 6 жас аралығындағы небәрі 13 068 бала ғана, немесе 50 пайыздайы ғана қамтылған. 18 981 бала мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу жүйесінен тысқары қалып отыр",- деді Исима Бимендина.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 38 мемлекеттік және 9 мемлекеттік емес балабақшадан тұрады. Астананың білім департаментінің есебі бойынша, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге қамыту проблемаларын шешу үшін Астанада "астананы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында 1780 орынға арналған 7 балабақша және жыл сайын қосымша 15 балабақша салу" қажет. Сонымен қатар, департаменттің ақпараттарына сүйенсек, 2008 жылы Астанада 1340 орынды 6 жаңа балабақша және қазіргі балабақшаларға 340 орынға арналған мекемелер салу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны