17.06.2008, 11:37 1206

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Н. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің моделін жаңалаудың басты көзқарастары" деген тақырыпта баяндама жасайды деп күтілуде.

Конференцияға Франция, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Ресей, Сингапур елдерінің мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылары, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары, ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен оқытушы-профессорларының құрамы қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны