03.06.2015, 11:45 4291

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар шаралар өтеді

Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздері күні. Осыған орай елордада бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 4-10 маусым аралығында "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Елімніӊ рәміздері - Тәуелсіздіктіӊ белгісі" атты слайд көрмесі ұйымдастырылады

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - 4 маусым - Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздері күні. Осыған орай елордада бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 4-10 маусым аралығында "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Елімніӊ рәміздері - Тәуелсіздіктіӊ белгісі" атты слайд көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, осы күні "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешенінде "Рәміздерді құрметтейік" атты дөӊгелек үстел өтеді. Шараға елорданыӊ белсенді жастары тартылады. Конференцияныӊ басты мақсаты - мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге баулу, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қаланыӊ барлық кітапханалар жүйесінде бір ай бойы рәміздер тарихынан сыр шертетін кітап көрмелері өтеді. 4 маусымда №8 қалалық кітапханада "Қазақстанныӊ мемлекеттік рәміздері" атты елорда тұрғындарымен әӊгімелесу сағаты, ал №2 кітапханада "Ел рәміздері - ел рухы" атты азаматтық сабақ өтеді.

Айта кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанныӊ жаӊа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаӊба және Мемлекеттік Инұран - мемлекеттіӊ мызғымас негіздерініӊ бірі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны