26.10.2016, 12:45 4525

Астанада "Мемлекеттік тіл - барлық салада" атты жас мамандар арасында жайдарман сайысы өткізіледі

Жайдарман сайысына мемлекеттік және қоғамдық мекемелер, ұйымдар, оқу орындарыныӊ жас мамандарынан құралған командалар, сондай-ақ, Қарағанды қаласыныӊ жас мамандарынан құралған команда қатысады.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ әкімдігі, Астана қаласыныӊ Тілдерді дамыту басқармасы "Қазақстан КВН одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай кубокке арналған "Мемлекеттік тіл - барлық салада" атты жас мамандар арасында жайдарман сайысын өткізеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Жайдарман сайысына мемлекеттік және қоғамдық мекемелер, ұйымдар, оқу орындарыныӊ жас мамандарынан құралған командалар, сондай-ақ, Қарағанды қаласыныӊ жас мамандарынан құралған команда қатысады. Мемлекеттік тілге бағытталған, әр саланыӊ жас мамандары арасындағы жайдарман сайысы елордада тұӊғыш рет өткізілмек. Кешті, "Қазақстан КВН одағыныӊ" президенті Есен Елеукен жүргізеді. Сан саланыӊ танымал жастары қазылық жүргізетін болады.

Аталған шараныӊ мақсаты: мемлекеттік тілдіӊ жастарды біріктірудегі басымдылығын көрсету; барлық салада қазақ тілініӊ қолданысын арттыру; әзіл арқылы жастардыӊ намысын оятып, рух-жігер беру; жастар арасында мемлекеттік тілде сөйлеуді сәнге айналдыру; қоғамдағы белсенді, танымал жастарды баршаға үлгі етіп көрсету; жастарды ортақ тілдіӊ айналасына ұйыстырып, достыққа баулу; патриоттықты, отансүйгіштікті арттыру.

Аталған шараға тіл жанашырлары, танымал тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, әртүрлі мекеме басшылары, этно-мәдени орталық жетекшілері, блоггерлер, белсенді жастар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған.

Сайыс 2016 жылғы 30 қазан күні сағат 16.00-де "Жастар" сарайында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны