09.06.2014, 22:11 4366

Астанада "Мен сені сүйемін, елорда!" көрмесі өтеді

10 маусымда Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен заманауи дизайн бұйымдарының "Мен сені сүйемін, елорда!" көрмесі өтеді.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. 10 маусымда Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен заманауи дизайн бұйымдарының "Мен сені сүйемін, елорда!" көрмесі өтеді.

"Көрмеге бейнелеу өнері, қолданбалы-сәндік шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелері тәрбиеленушілерінің жұмыстары қойылады", - деп хабарлайды Астана күніне дайындық пен мерекені өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы.

200-ден астам балаға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар үлестіру жоспарланған. Шараның аяқталғанынан кейін барлық еңбек әлеуметтік мекемелерге (балалар үйі, ауруханалар мен қарттар үйі) берілмек.

Шара Оқушылар сарайының галереясында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны