20.12.2012, 13:02 2985

Астанада мыңға жуық автобуста электронды билет жобасы енгізіледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша,бұл қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылаумен қатар, жолаушылардың жолақы құнын төлеуі мен автопарк қызметкерлерінің адал жұмыс істеуі үшін енгізілмек. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ИКК төрағасы Мұхиден Ибілдинов хабарлады.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы мыңға жуық автобуста электрондық валидаторлар орнатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша,бұл қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылаумен қатар, жолаушылардың жолақы құнын төлеуі мен автопарк қызметкерлерінің адал жұмыс істеуі үшін енгізілмек. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ИКК төрағасы Мұхиден Ибілдинов хабарлады.

Қоғамдық көліктерде электрондық билеттер енгізу жобасы "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асады.

"950 жуық автобусты электрондық валидаторлармен жабдықтау ұсынылуда. Бұл жүйе жолаушылар төлеген ақшаның толық жиналуына және автопарктердің ақшалай қаражатының артуына ықпал етеді.

Икімшіліктің автопарктерге бөлетін субсидиялары жеңілдікпен жүретін жолаушыларды тасымалдауына байланысты болмақ. Бұған қоса жаңа жүйе маршруттардың жұмыс тиімділігін арттырудың бірден бір жолы.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін қалалық әкімшілік ағымдағы жылдың қарашасынан бастап Астана автобустарында электронды билеттер пайда болатынын хабарлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны