06.04.2015, 19:20 4267

Астанада "МУЗ-ТВ 2015" музыкалық премиясы өтеді

"МУЗ-ТВ 2015" музыкалық премиясы 5 маусым күні өтеді, деп хабарлады "МУЗ-ТВ" телеарнасыныӊ директоры Арман Дәулетияров

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - "МУЗ-ТВ 2015" музыкалық премиясы 5 маусым күні өтеді, деп хабарлады "МУЗ-ТВ" телеарнасыныӊ директоры Арман Дәулетияров, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сахнада 25 ресейлік және 25 қазақстандық әнші өнер көрсетеді, шараны Қазақстан өӊірлерініӊ көрермендері мен посткеӊестік кеӊістік елдеріндегі 100 млн телекөрермен тамашалай алады", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, барлық Қазақстаннан 2 мыӊға жуық жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған балаларды әкелу жоспарланған.

"Бұл жылы Астанада 4 маусым күні 15-20 орталық ашылатын болады, онда қазақстандық және ресейлік жұлдыздар келген балалармен бірге уақыт өткізетін болады. Келесі күні балалар шараныӊ өзіне қатысады", - деді А.Дәулетияров.

Шара аясында "МУЗ-ТВ 2015" премиясы аясында "Қазақстанныӊ үздiк жыл әртiсi" номинациясы жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны