20.09.2006, 16:22 3421

Астанада наркологиялық диспансер салынады

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада наркологиялық диспансер салынады. Бұл туралы бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы аясында өткізілген баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев құлағдар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралған "Астана - есірткіден азат қала" атты бағдарламада қаладағы медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының қаржылық базасын ұлғайту қарастырылған. Біз сол жерде наркологиялық диспансер салуды жоспарлап отырмыз",- деді Ө.Шүкеев.

Қала әкімі Астанада есірткі тасымалдау арналары толық жабылатынын жеткізді. "Барлық 6 "Рубеж" бекеттерінде арнаулы блок-посттар жабдықталады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір үкіметке бұл қаржыны бюджетке қамтуға тапсырма берілді",- деді әкім.

"Жаңа медициналық орталықтың құрылысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады".

"Астана - есірткіден азат қала" бағдарламасы 2008-жылға дейін есептелген. "Осынау кешенді шаралар келісі жылдың өзінде қаланы есірткіден толығымен тазартып шығуда нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді деп санаймын",- деді әкім.

ІІМ Бауыржан Мұхамеджановтың ақпаратына сәйкес, қазір елімізде 54 мың адам нашақор ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігі 14 пен 30 жас аралығындағы жастар. Соның ішінде 5 мыңы кәмелеттік жасқа жетпегендер. Бұл тек ресми статистикалық мәліметтер. Шын мәнінде бұл сан әлдеқайда жоғары",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны