07.07.2015, 11:41 3353

Астанада Нейрохирургиялық қоғамдардыӊ еуропалық қауымдастығыныӊ білім беру курстары өтуде

ҚР нейрохирургтарыныӊ III Съезі шеӊберінде 6 және 8 шілде аралығында Ұлттық медицина холдингі Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығында Нейрохирургиялық қоғамдардыӊ еуропалық қауымдастығыныӊ білім беру курстары (бұдан әрі - EANS) өтуде

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР нейрохирургтарыныӊ III Съезі шеӊберінде 6 және 8 шілде аралығында Ұлттық медицина холдингі Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығында Нейрохирургиялық қоғамдардыӊ еуропалық қауымдастығыныӊ білім беру курстары (бұдан әрі - EANS) өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараныӊ ұйымдастырушылары: "Қазақ нейрохирургтары қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі және Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы.

Форумға Ресейдіӊ, Францияныӊ, Чехияныӊ, Эстонияныӊ, Түркияныӊ, Израильдіӊ, Ирландияныӊ, Нидерландияныӊ және Венгрияныӊ жетекші нейрохирургтары қатысты. Олардыӊ арасында Нейрохирургиялық қоғамдардыӊ Еуропалық қауымдастығыныӊ президенті Владимир Бенеш (Чехия), сондай-ақ алыс және жақын шетелдіӊ басқа да көптеген белгілі ғалымдары бар.

Биылғы жылы EANS білім беру курсында тамырлық және спинальдық нейрохирургияға басты назар аударылады.

Бұл форум шетелдік және отандық нейрохирургтар үшін қызу пікірсайыс алаӊына айналды. Ол еліміздіӊ нейрохирургтарыныӊ үздіксіз кәсіби білім жүйесініӊ тиімділігін және ғылыми зерттеулердіӊ деӊгейін әлемніӊ жетекші ғылыми орталықтарымен интеграциялау арқылы арттыруға мүмкіндік береді.

EANS курстары Еуропада көп жылдар бойы өткізіліп келеді. Олардыӊ негізгі мақсаты: дәрігерлерге нейрохирургиялық аурулар және оларды емдеудіӊ заманауи әдістері туралы еӊ жаӊа ақпаратты беру болып табылады.

Курсқа еуропалық нейрохирургияныӊ белгілі мамандары келіп, лекциялар мен пікірталастар барысында өз тәжірибелерімен бөліседі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны