09.09.2008, 19:13 4236

Астанада "Нұрлы көш" ұлттық жобасының тұсаукесері жасалды

Астанада "Нұрлы көш" ұлттық жобасының тұсаукесері жасалды

Астана. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Нұрлы көш" ұлттық жобасының тұсаукесері жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Хабарламаға жүгінсек, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін республикалық қоғамдық бірлестіктердің басшылары, парламент мәжілісінің депутаттары, журналистер қатысқан қоғам өкілдерімен көші-қон мәселелері жөнінде кездесуі кезінде "Нұрлы көш" ұлттық жобасының тұсауын кесті.

"Бұл жоба - әзірленіп жатқан Көші-қонды басқару жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады".

Иртүрлі эксперттердің жобалауынша шет елдерде 3,5 - 4,5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы 1991 жылы басталды. 1991-2008 жылдары Қазақстанға 174,8 мың этникалық отбасы немесе 686 мың адам көшіп келді. Қазіргі уақытта 14 уақытша орналастыру орталықтары және 3 оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталықтары жұмыс жасайды. Барлық оралмандар медициналық қызметпен, білім алумен және әлеуметтік көмекпен қамтылған. Оралмандар отбасының 78,4 % баспанамен, 81,4 % жұмыспен қамтылған. Жұмысы жоқтар саныын - 18,6 % құрайды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары өздерінің жұмыстарын бастады, бұл орталықтар оралмандарға құқықтық кеңестер, мемлекеттік тілге және қалауы бойынша орыс тілін оқыту, кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру секілді қызмет түрлерін көрсетеді.

2008 жылдың мамыр айынан бері оралман куәлігі жеке әлеуметтік код (СИК) беруге негіз болатын құжаттардың тізіміне енгізілді. Бұл оралған қандастарымызға азаматтық алғанша дейін жұмысқа тұруға мүмкіндік тудырды.

2008 жылдан бастап кейбір облыстарда Көші-қон және Иділет департаменттерінің қызметкерлерін тарта отырып көші-қон полицияларының жылжымалары пункттері жұмыс істей бастады, олар жалпы көші-қон квотасына енгізу, азаматтық алу және т.б. қызмет түрлері бойынша кеңестер береді.

Жобаның мақсаты өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы және Жоба қатысушыларының әлеуетін іске асыру мүддесімен шетелде тұратын этникалық қазақтарды, отандастарды және еліміздің тоқырау өңірлерінде тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде ұтымды қоныстандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес: Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму кіндігі деп аталатын негізгі қоныстандыру макроаймақтары болып айқындалды.

Жобаға қатысушыларды қоныстандыру принципі мынадай: - өзінің экономикалық мамандырылуы мен әлеуметтік-экономикалық орталықсыздандыру функцияларын орындайтын жергілікті дамыған еңбек нарығы бар шағын серіктес-қала желілері бар - қалалардың айналасында заманауи агломерациялар қалыптастыра отырып - көшбасшы және тірек қалаларда;

Көшбасшы қалалар мен тірек қалаларда 30 серпінді жобаны іске асыру үшін еңбек ресурстарына қажеттілік (ҚР ЭБЖМ алдын ала деректері бойынша) 390 мың адамды құрайды. Бұл қажеттілік тиісті макроаймақтардағы жергілікті халықтың есебінен ішінара өтеледі, ал еңбек ресурстарының бір бөлігі этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастардың және шетелдік жұмыс күшін тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

- даму әлеуеті жоғары және орташа селолық елді мекендерде Қазақстан Республикасының селолық аумақтарын дамытудың 2004-2010ға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қоныстандыру.

Даму әлеуеті жоғары және орташа селолық елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылық көлемі (ҚР АШМ деректері бойынша) Солтүстік аумақтық даму кіндігі бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік кіндік бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық кіндік бойынша - 77,7 мың адамды құрайды. 2004 жылдан бастап 2007 жылды қоса алғанда, жоғары және орташа әлеуетті селолық елді мекендерді дамытуға олардың экономикалық әлеуетін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, экологиялық ахуалды арттыруға 293,4 млрд.теңге инвестиция салынды. Қоныстандыру кезеңділігі селолық елді мекендердің тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің белгіленген ең төмен деңгейіне сәйкестілігіне;

- шекараға іргелес елді мекендерде ірі шекараға іргелес аудандардың әкімшілік маңызын арттыруға орай айқындалатын болады.

Шекараға жақын аумақтарда шекаралас елдердің экономикалық шекараға іргелес өңірлерінің басымдығының, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің еңбек ресурсы артық өңірлері тарапынан демографиялық қысымның (сыртқы стихиялық көші-қон) алдын алу үшін, қоныстандыру елдің тоқырау өңірлерінде тұратын Қазақстан азаматтары мен шет елде тұратын этникалық қазақтарды ерікті қоныстандыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қоныстандыру, еліміздің тоқырау аудандарының тұрғындарын, шетелде тұрып жатқан және аталған аймақтардың экономикалық мамандандыру машықтарына лайықты этникалық қазақтарды және отандастарды өз еркімен қоныс аудару есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл құжатта этникалық қазақтар терминімен қатар, алғаш рет шетелде тұратын отандастарымыз ұғымы қолданылады. Бұл ұғымға ұлттық қатыстылығына қарамастан, бір кездері Қазақстаннан кеткен немесе елдің шекарасынан тыс жерде тұрып жатқан және Қазақстан экономикасының өсуіне байланысты елге оралуға ниет еткен отандастарымыз енгізілді.

"Нұрлы көш" жобасында жобаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру, этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастарымызбен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ еліміздің тоқырау аудандарында тұратын қазақстандық азаматтармен жұмысты ұйымдастыру, Жобаға қатысушыларды қабылдау және бөліп қоныстандыру сияқты процестерді іске асыру механизмдері көзделген.

Жоба қатысушылардың және орналастыру аймақтарына бірге қоныс аударған олардың отбасы мүшелерінің Жобаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар. Этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастарымызды сияқты, еліміздің тоқырау аудандарында тұратын қазақстандық азаматтарды әлеуметтік қолдау да, ең алдымен тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй займын беруді қамтиды.

"Нұрлы көш" жобасы елдегі көші-қон процестерін жүйелеуге бағытталған. Көші-қонды бақылауға принципті түрдегі жаңа тәсіл түрлі аудандардағы және тұтастай елдегі жұмыссыздық деңгейін реттеуді жүзеге асыра отырып, еңбек ресурстарын ұтымды таратып бөлуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, "Нұрлы көш" көші-қон процесіне қатысушылардың өздерінің экономикалық машықтары мен аумақтардың қажеттілігіне қарай ел аумағында оңтайлы және экономикалық тұрғыдан таратып қоныстандыруға тартылуын ынталандырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны