16.08.2012, 12:56 3548

Астанада "Оққағар" халықаралық турнирі өтіп жатыр

Турнирдің негізгі мақсаты ҚР ПКҚ және басқа да бөлімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау. Мұндай жарыстарға қатысушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайларға ұқсас тапсырмалар орындау арқылы кәсіби дағдалары мен шеберліктерін одан сайын жетілдіре түседі.

Астана. 16-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Президенті күзет қызметінің ұйымдастыруымен "Оққағар" қызметтік көпсайыс бойынша халықаралық ашық турнирі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Турнирдің негізгі мақсаты ҚР ПКҚ және басқа да бөлімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау. Мұндай жарыстарға қатысушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайларға ұқсас тапсырмалар орындау арқылы кәсіби дағдалары мен шеберліктерін одан сайын жетілдіре түседі.

Бұрын жарыстар тек Президенттік күзет қызметкерлерінің арасында өткізіліп келген, ал 2003 жылдан бері еліміздің және шет елдердің мемлекеттік мекемелері мен әскери бөліністерінің арнайы қызметкерлері шақырыла бастады.

2010 жылы VIII Халықаралық "Оққағар" қызметтік көпсайыс турнирі өткен болатын. Оған алғаш рет Украина мен Беларусьтің командалары қатысып, Армения бақылаушы ретінде атсалысқан еді.

Турнир үш күнге созылады. Осы үш күн ішінде жарысқа қатысушы командалар лауазымды тұлғаны көпшілік арасымен алып жүру бойынша, жекпе жек өнерінен, суда жүзу эстафетасынан, тапаншадан ату бойынша, жарылғыш құрылығы орнатылған көлікті залалсыздандырудан және 5 шақырым аумақта кедергілер арқылы жүріп өтуден сайысады.

Биылғы турнирге еліміздің түрлі күш құрылымдарының командаларынан өзге Украина Президентінің қауіпсіздік қызметі үкілеп қосқан топ та өз өнерлерін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны