15.10.2016, 11:11 3788

Астанада Оӊтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларыныӊ рухани кеші өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Астанадағы күндері аясында "Ұлысымныӊ ұйытқысы - Оӊтүстік" облыс ақын, жазушыларыныӊ кездесуі мен кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Астанадағы күндері аясында "Ұлысымныӊ ұйытқысы - Оӊтүстік" облыс ақын, жазушыларыныӊ кездесуі мен кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткен шараныӊ мақсаты Тәуелсіз Қазақстанныӊ мәдениеті мен әдебиетініӊ дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Оӊтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларыныӊ Астана халқымен жүздесуі, әдеби шығармашылық жайында сұхбаттасуы, әдеби процестіӊ даму барысын саралауы, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқытуды насихаттау болып табылады.

Рухани кеш барысында Оӊтүстік өлкесінен шыққан ақын, жазушылар - Нармахан Бегалыұлы, Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Бақытжан Алдияр, Зылиха Жантасова, Мұқағали Кенжетай сынды қаламгерлер шығармашылық ізденістері мен қазақ әдебиетініӊ көркемдік даму арналары жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, осы күні Астанадағы Жастар театрында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрыныӊ әртістері "Тозақ шеӊбері" қойылымымен қоса, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық орыс драма театрыныӊ актерлары "Одноклассники" шығармасын қалыӊ көпшілікке сахналады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясында "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" деген атаумен өӊірлердіӊ күндері өтіп жатқаны белгілі. Аталмыш іс-шараны өткізу кезегі Оӊтүстік Қазақстан облысына келді.

Астанада қазан айыныӊ 14 мен 16 күндері осыған орай "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" атты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Астана қаласындағы күндері өтеді.

Облыс күндері 14 қазан күні сағат 15.30-да "Қазмедиа" ақпараттық орталығында облыс әкімі орынбасарыныӊ өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі баспасөз конференциясынан басталады деп күтілуде.

Ал 15 қазан күні Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Астана қаласындағы күндері аясында төрт іс-шара қарастырылған. Атап айтатын болсақ, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейінде "Шырайлы Оӊтүстіктіӊ шежіресі" атты тақырыпта Оӊтүстік Қазақстан облысы бейнелеу өнері музейі көрмесініӊ салтанатты ашылуы өтеді.

Сондай-ақ, осы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейінде ақын, жазушы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қызметкері, "Алаш" сыйлығыныӊ иегері Ханбибі Есенқарақызыныӊ шығармашылық кеші өтеді.

Сол күні Ұлттық академиялық кітапханасы сағат 15.00-де "Ұлысымныӊ ұйытқысы - Оӊтүстік" атты облыс ақын-жазушыларыныӊ кездесу кеші мен кітап көрмесімен көрерменді күтеді.

15 қазан күнгі кеш сағат 18.00-де Жастар орталығындағы "Оӊтүстік жайдарманшылары" жайдарман ойындарымен аяқталады.

Іс-шара аясында бірнеше экономикалық шаралар да ойластырылған.

Мәселен, 15-16 қазан күндері сағат 09.00-19.00 аралығында Астананыӊ "Хан шатыр" ойын-сауық орталығыныӊ алаӊында "Қазақстанда жасалған" акциясыныӊ шеӊберінде ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өткізіледі.

Бұдан бөлек, 15-16 қазанда сағат 09.00-19.00 аралығында Елордасыныӊ "Конгрес холл" залында "Қазақстанда жасалған" акциясыныӊ шеӊберінде оӊтүстік өӊірдіӊ кәсіпорындары өнімдерініӊ жәрмеӊкесі де өтеді.

Іс-шараныӊ соӊғы күні -16 қазанда сағат 17.00-де "Конгрес холл" залында екі іс-шара жоспарланып отыр.

Тұӊғыш Президент - Елбасыныӊ Тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуындағы рөлін көрсету мақсатында "Нұрын шашқан Оӊтүстік" фотокөрмесі ұйымдастырылмақшы.

Сондай-ақ, 16 қазан күнгі сағат 17.00-де "Конгрес холл" залында "Ин - шашуым өзіӊе, мерейлі Астанам!" атты Оӊтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерініӊ гала-концертімен облыстыӊ Елордасындағы күндері қорытындыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Елордасы - Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердіӊ көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осыған орай, өӊірден Астанаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оӊтүстікқазақстандық дихандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердіӊ құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мыӊ дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс, 15 тонна басқа да өнімдер бар.

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерініӊ жалпы құны 100,8 млн.теӊгені құрайды. Елордада "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы маӊында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесіне Оӊтүстік өӊірдіӊ 50-ден астам тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны