16.09.2017, 10:30 5764

Астанада "Оралман" фильмініӊ тұсаукесері өтті

Картинаныӊ түсіру жұмыстары Тәжікстан астанасынан 150 км. шақырым жерде, сонымен қатар, Қарағанды облысы Приозерск қаласы мен Алматы облысындағы Қапшағай қалаларыныӊ маӊында жүргізілді. Фильмге еліміздіӊ танымал актерлері: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева және басқа да актерлер түскен.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today -Астана қаласындағы "Kinopark 8 3D" ("Сары-арқа" СОО) кинотеатрында Ауғанстаннан туған жеріне оралған қазақ отбасыныӊ өмірі туралы баяндайтын "Оралман" фильмініӊ тұсаукесері өтті. Картинаныӊ режиссері - Сәбит Құрманбеков ("Секер", "Жиде").

Мәдени іс-шараға қатысқандар: ҚР Парламенті мәжілісініӊ депутаты Қуаныш Сұлтанов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасыныӊ орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, "Республикалық радио" ЖШС Бас директоры Мәди Манатбек, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, кинорежиссер Сламбек Тәуекел, сонымен қатар фильмніӊ шығармашылық тобы қатысты.

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Кадам" кинокомпаниясыныӊ қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген. Кинотуындыныӊ сценарийін белгілі кинодраматург Нұрлан Санжар Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен жазған.

- Бұл фильмді түсіруге тек Нұрлан Санжардыӊ сценарийі ғана емес, сонымен қатар репатриация тақырыбына арналған көптеген мақалалар түрткі болды. Жергілікті басылымдардыӊ бірінен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан замандасымыз туралы мақала оқыдым, кейін сол бейнені фильмніӊ кейіпкері етіп алдым. Туған жерге оралған азаматтардыӊ бастан кешетін қиындықтары әлемдегі өзекті мәселелердіӊ бірі. Қай елді алсаӊыз да, репатрианттары бар. Кино немесе БАҚ арқылы болсын, осы тақырыпты қозғауымыз қажет. Біздіӊ фильм атамекеніне қоныс аударуды армандайтын қарапайым адам және Отан туралы, - деді фильмніӊ режиссері Сәбит Құрманбеков.

Картинаныӊ түсіру жұмыстары Тәжікстан астанасынан 150 км. шақырым жерде, сонымен қатар, Қарағанды облысы Приозерск қаласы мен Алматы облысындағы Қапшағай қалаларыныӊ маӊында жүргізілді. Фильмге еліміздіӊ танымал актерлері: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева және басқа да актерлер түскен.

Естеріӊізге сала кетсек, "Оралман" фильмініӊ әлемдік премьерасы Иранда өтті. Тегеран қаласында өткен, 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалініӊ "Шығыс панорамасы" атты конкурстық бағдарламасына қатысқан отандық кинотуынды ондаған фильмдер арасынан топ жарып, үздік атанды. 2017 жылдыӊ шілде айында "Оралман" фильмі Астанада өткен XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасына іріктеліп, нәтижесінде Бас жүлдені иемденді. Ал қыркүйек айыныӊ басында аталған фильм Қазақстанныӊ атынан Татарстандағы Қазан қаласында өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестиваліне қатысып, фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда "Үздік ер адам рөлі" жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ кинотуынды Брисбен (Австралия) және Оренбург (Ресей) қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдердіӊ негізгі бағдарламаларына қатысқан болатын.

- Біздіӊ фильмніӊ фестивальдік тағдыры әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі күні "Оралман" фильмі 6-шы Забайкал фестивалініӊ конкурстық бағдарламасына қатысып жатыр, қазан айында өтетін Италиядағы фестивальде де бақ сынайтын боламыз. Сонымен қатар, күздіӊ ортасында Австралияда халықаралық прокатқа шығады, ал келер жылдыӊ басында "Оралман" фильмін итальяндық көрермендер тамашалайтын болады, - деді режиссер.

Қазақстандықтар "Оралман" фильмін 15 қыркүйектен бастап еліміздіӊ кинотеатрларынан көре алады. Фильмніӊ прокаты келесі кинотеатрларда жүреді:

Алматы қаласы:

o Есентай ОСО "Кинопарк"

o Глобус ОСО "Кинопарк"

o Спутник ОСО "Кинопарк"

o Сары-Арқа ОСО "Кинопарк"

o LUMIERA кинотеатры

o Арман кинотеатры

Астана қаласы:

o "Сары-Арқа" ОСО "Кинопарк"

o "Керуен" ОСО "Кинопарк"

Қарағанды қаласы:

o "Саржайлау" кинотеатры

Шымкент қаласы:

o "Мега" ОСО "Кинопарк"

Ақтөбе қаласы:

o "Ақтөбе" кинотеатры

Анықтамалық ақпарат:

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахедтер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі: Негізі 1998 жылы қаланған Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі Орталық Азиядағы еӊ үлкен кинофорум болып табылады. Биылғы жылы фестиваль аясында барлық конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларға қатысқан толықметрлі және қысқаметрлі, авторлық және жанрлық фильмдердіӊ рекордтық көрсеткіші - 296 картина көрсетілді. Негізгі конкурстық бағдарламада 13 толықметрлі және қысқаметрлі фильмдер конкурсында 30 картина қатысты. Ал фестивальге 200 ден астам қонақ шақырылды. Олардыӊ қатарында Николас Кейдж, Эдриен Броуди және Джон Малкович бар.

Халықаралық "Фаджр" кинофестивалі - азиялық кино әлемінде айрықша орны бар айтулы мәдени оқиға. Фестиваль жыл сайын Иранда ислам революциясыныӊ жеӊіске жетуіне орай өткізіледі. Фестиваль алғаш рет 1982 өткізілген.

Қазан қаласындағы халықаралық мұсылмандар киносы фестивалі - 2005 жылдан бері Татарстанда өткізіліп келе жатқан Ресейдіӊ ірі кинофестивальдердіӊ бірі. Фестивальдіӊ мақсаты - мұсылман елдердіӊ фильмдерін үлкен экранға шығарып, діни ғана емес, адами құндылықтарды да дәріптеу, ұлтаралық диалог қалыптастыру.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны