26.06.2006, 10:34 3052

Астанада орыс баспасөзінің Бүкіләлемдік VIII конгресі өтуде

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Кеше Астанада орыс баспасөзінің Бүкіләлемдік VIII конгресі басталдыы, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Орыс тілі Еуразиялық құндылықтарды сақтап синтездеуші әмбебап код болып табылады. Ал біздің конгресті Еуразияшылардың толық құқылы уәкілдері өкілдерінің сьезі деп санауға болады”,- деді орыс баспасөзінің бүкіләлемдік қауымдастығының вице-президенті Дариға Назарбаева.

Д.Назарбаеваның айтуынша, осынау форумның Қазақстанда өткізілуінің өзіндік мәні бар. “Өйткені, дәл қазіргі мәнінде Еуразиялық идея Қазақстанда қайта жаңғырды”.
“Шетелдердегі орыс тілді БАҚ-тар тек орыс тілінінің ғана емес, сонымен бірге санаткерлік ресурстардың да сақталып қалу түрі болып табылады”.

Аталмыш жиынға әлемнің 45 мемлекетінен 180-ге жуық өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан мен Ресейдің жалпыұлттық және аймақтық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары бар.

Үш күнге созылатын жиынға қатысушылар жаһандану барысындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды салалары ретінде орыс тілді ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ конгресте еліміздің шет елдік ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосу бағытындағы жаңа стратегиялық мақсаттары сөз болады. Сонымен қатар, конгресс аясында орыс баспасөзінің Бүкіләлемдік қауымдастығының 8 жылдық қызметіндегі жұмыстарын қорытындыланып, оны дамыту мақсатындағы болашақта атқарылуы тиіс шаралар талқыланбақ.

Орыс баспасөзінің Бүкіләлемдік қауымдастығы 1999 жылы Мәскеу мен Сочиде өткен I-ші орыс баспасөзінің Бүкіләлемдік конгресінде Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары институтының және конгресске қатысушы басқа да бірқатар шет елдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бастамасымен құрылған.

Бүгінде ол 80-ге жуық елдердің ақпарат агенттіктері мен баспаларының және ақпарат құралдарының басын біріктірген тәуелсіз ашық, халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Аталмыш ұйым білім, ғылым саласын жетілдіруде орыс тілі қолданылатын мемлекеттер арасында мәдени-ақпараттық байланыстарды нығайтып, жалпыға бірдей әлемдік орыс тілінің ақпарат кеңістігін дамытуды мақсат тұтады. Сондай-ақ ол бүкіл әлемдегі орыс тілді ақпарат құралдары арасындағы шығармашылық және кәсіби байланыстарды нығайтуды көздейді.

Форумға қатысушыларға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин мен Мемлекеттік думаның төрағасы Борис Грызлов жолдау арнады.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны