15.07.2015, 17:37 3696

Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды

ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердіӊ елшілерімен кездесті.

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердіӊ елшілерімен кездесті. Оныӊ барысында жұмыстыӊ негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға БҰҰ-ныӊ Орта Азия бойынша босқындардыӊ істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасыныӊ Аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ Аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов мигранттар мен босқындардыӊ құқықтары мен мүдделерін ескеретін, елдердіӊ жыл сайын ауқымы мен күрделілігі өсіп жатқан төтенше жағдайларға және жаппай орын ауыстыруға дайындығын арттыруға мүмкіндік беретін жүйе құру қажеттелігін айтып өтті.

Вице-министр, "негізгі мақсат Орта Азия елдерініӊ, жалпы аймақта және одан тыс жерлердіӊ бағытында еӊбек миграциясына қатысты күрделі мәселелерді шешуде мемлекеттерге қолдан келетін көмек көрсету", - деп атап өтті.

Кездесу барысында БҰҰ-ныӊ Босқындардыӊ істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасыныӊ және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ жаӊа инициативалары, сондай-ақ Алматы процесі шеӊберінде ары-қарай дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Алматы процесі жоғары лауазымды тұлғаларыныӊ кезекті кездесуін ағымдағы жылы қыркүйекте Қазақстанда өткізу жоспарлануда. Кездесудіӊ мақсаты мен тақырыбы Орталық Азияда, жалпы аймақта еӊбек миграциясы саласындағы күрделі мәселелердіӊ шешімін табуда қатысушы елдердіӊ әлеуетін нығайту болмақ.

Қорытындысында кездесуге қатысушылар БҰҰ-ныӊ Босқындардыӊ істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасыныӊ және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ 2016 жылы Алматы процесінде Қазақстан Республикасыныӊ төрағалығын ұзарту жөніндегі ұсыныстарын қолдады.

Алматы процесі - 2011 жылы Қазақстанныӊ инициативасымен құрылған тұрақты диалогтық алаӊ екенін естеріӊізге саламыз.

Алматы процесініӊ мақсаты - босқындардыӊ және халықаралық миграцияныӊ өзекті мәселелерін аймақтық форматта және ғаламдық пенрспективасында бірлесіп шешу. Қазақстан Алматы процесініӊ бірінші төрағасы болып сайланған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны