26.11.2012, 17:52 2767

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі өтті

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев бүгін Астанада брифинг өткізіп, елімізде ағымдағы аптада өтетін бірқатар маңызды оқиғалар мен іс-шаралармен таныстырып өтті.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев бүгін Астанада брифинг өткізіп, елімізде ағымдағы аптада өтетін бірқатар маңызды оқиғалар мен іс-шаралармен таныстырып өтті.

Атап айтқанда, 28 қараша күні Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен кеңейтілген кеңес өтіп, оған еліміздің барлық деңгейдегі әкімдері қатысады. Ресми өкілдің айтуынша, бұл кеңесте өңірлерді дамыту мәселелері, әлеуметтік-экономикалық міндеттер, сондай-ақ облыстардағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және инвестициялар тарту, индустриялық - инновациялық жобаларды іске асыру және халықты қолдау мәселелері талқыланбақ.

А.Ибибуллаев сондай-ақ, 1 желтоқсанда тойланатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар іс-шараларға тоқталып өтті.

Осынау атаулы күннің қарсаңында, 29 қарашада Астанада әлем елдерінің көрнекті саясаткерлері мен ғалымдарының қатысуымен алғаш рет "Назарбаев оқулары" халықаралық форумы өтеді. Бұл форум Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының ролін паш етуге арналып отыр, деді А.Ибибуллаев өз сөзінде.

Оған қоса, 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 31 қазандағы Жарлығымен Президенттің Байрағына кейбір жаңа өзгеріс енгізілген болатын.

"30 қарашада Елбасы Астанада еліміздің бас Жаңажылдық шыршасының шамдарын жағу рәсіміне қатысады",- деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі өз сөзінде.

Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Астанада мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен Қазақстан патриоттарының V жалпыұлттық форумы өтеді.

Ал, ертең, 27 қараша күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңды және "Ақпараттық Қазақстан -2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асырумен байланысты мәселелер қаралады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны