24.12.2012, 14:10 3182

Астанада Орталық Коммуникациялар Қызметінің кезекті брифингісі өтті

А.Абибуллаевтың ақпарына қарағанда, 25 желтоқсан күні Астанда Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру жөніндегі кезекті Жалпыұлттық телекөпір өткізіледі. Онда Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерімен таныстырып, сондай-ақ алдағы уақыттағы жаңа міндеттерді белгілеп береді деп күтілуде.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанда ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаевтың брифингісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда ол Қазақстанда осы аптаға жоспарланған бірқатар маңызды оқиғалар мен шаралар туралы айтып өтті.

А.Абибуллаевтың ақпарына қарағанда, 25 желтоқсан күні Астанда Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру жөніндегі кезекті Жалпыұлттық телекөпір өткізіледі. Онда Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерімен таныстырып, сондай-ақ алдағы уақыттағы жаңа міндеттерді белгілеп береді деп күтілуде.

Телекөпір аясында жыл сайынғы "Алтын сапа", "Парыз" және "Қазақстанның үздік тауары" конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі болады.

Парламент жағына келсек, 26 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өткізіліп, онда арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері, бәсекелестік мәселесі жөніндегі жаңалықтар, әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты түзетулер талқыланады.

ҚР Үкіметі бірқатар маңызды шараларды жоспарлап отыр. Мысалы, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана-Щучье автомагистралі участогінде болып, онда жол жүргені үшін енгізілетін ақы төлеу жүйесімен танысады.

Ертең, 25 желтоқсанда Премьер-Мнистр С.Ахметовтің төрағалық етуімен Үкіметтің кезекті отырысын өткізу жоспарланған, онда суға тариф жасаудың жаңа тетігін енгізу мәселесі қарастырылады.

26 желтоқсанда Үкімет басшысының төрағалық етуімен ұялы байланыстың жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылау көзделген мәжіліс өткізіледі, сондай-ақ ЭКСПО-2017 өткізудің дайындық жұмыстары жөнінде де мәжіліс өткізілмекші.

Бұдан басқа, Үкімет тарапынан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде мәжіліс өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 26 желтоқсан күні Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың Атырау облысына сапары көзделген, онда ол өңірдегі мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Жастарға қолдау көрсету шеңберінде 25 желтоқсанда Астанада жастардың қызметін ынталандыру және бағалау мақсатындағы "Дарын" мемлекеттік сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіледі.

Жалпы, ЛКҚ мәліметтеріне қарағанда, алдағы аптада өңірлерде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени сипаттағы 15 шақты шара өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны