05.04.2016, 17:02 7430

Астанада отандық өндірілген мектеп формасы таныстырылды

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтіӊ атап өтуінше, бүгінгі таӊда ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтыӊ мектеп формасына деген оӊ көзқарастары байқалып отыр

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Атамекен" ҚР ҰКП форумында қазақстандық өндірушілердіӊ жасаған мектеп формасы таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтіӊ атап өтуінше, бүгінгі таӊда ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтыӊ мектеп формасына деген оӊ көзқарастары байқалып отыр, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтыӊ мектеп формасына деген оӊ көзқарастары байқалып отыр.Ата-аналардыӊ басым көпшілігі мектеп формасы оқушыларға эстетикалық өӊ береді, тәртіп болады, дейді. Мектеп формасын киіп жүрген оқушылар біркелкі форма кию ешқандай да жеке қасиетіне шектеу болмайтынын айтады",-деді Е.Сағадиев.

Мектеп формасынан бөлек көрмеде спорттық формалар, трикотаж бұйымдар, мұғалімдерге арналған киімдер, жоғарғы сынып оқушыларына арналған әскери киімдер де таныстырылды. Мұныӊ барлығы Қазақстанныӊ аймақтарындағы отандық кәсіпорындардан шыққан.

"Мектеп формасыныӊ қандай болуы керектігін білім беру ұйымдары мен ата-аналар қоғамдастығыныӊ таӊдау құқылары бар. Бұл дұрыс деп есептеймін. Ирбір мектеп жалпыға жағымды іскерлік стиль нормасына сай болуы керек", - деді министр.

Министр атап өткендей, мектеп формасыныӊ сәтті нұсқасы оныӊ сыртқы келбеті, қолайлылығы, қауіпсіздігі мен функциональдылығы талапқа сай болуы керек.

Айта кетер болсақ, статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда жалпы халық саныныӊ шамамен 30% балалар құрайды. Елімізде 7500 мектеп тіркелген. Оқушылар саны соӊғы бес жылда 10%-ға артқан.

Естеріӊізге салар болсақ, 2016 жылдыӊ 14 қаӊтарында орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы бұйрық бекітілді. Аталған бұйрыққа ҰКП-ныӊ мектеп формасын отандық өндірушілерден алу қажеттігі туралы ұсынысы енгізілді. "Атамекен" ҚР ҰКП мәліметінше, мектеп формасы нарығындағы отандық өндірушілер үлесі 7%-дан аспайды. Осыған байланысты Ұлттық палата жеӊіл өнеркәсіптіӊ 55 отандық өндірушісінен құралған алдын ала тізім жасады. Олар қажетті сападағы мектеп формасын бәсекеге қабілетті бағамен өндіргуе дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны