14.12.2015, 13:43 4558

Астанада отандық өнімдерді сату орталығы ашылды

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаӊында Астана қаласы әкімдігініӊ қолдауымен Қазақстандағы тұӊғыш отандық өнімдерді сату орталығы ашылды. Елорда әкімі ИділбекЖақсыбеков "УниверMAG.kz" қазақстандық тауар өндірушілер дүкенініӊ алғашқы сатып алушыларыныӊ бірі болды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаӊында Астана қаласы әкімдігініӊ қолдауымен Қазақстандағы тұӊғыш отандық өнімдерді сату орталығы ашылды. Елорда әкімі ИділбекЖақсыбеков "УниверMAG.kz" қазақстандық тауар өндірушілер дүкенініӊ алғашқы сатып алушыларыныӊ бірі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстандық жеӊіл өнеркәсіп саласыныӊ өкілдері бір сауда алаӊында алғаш рет біріктіріліп отыр. Жаӊа дүкенніӊ сөрелерінен үй тоқымасы мен балалар киімінен бастап, ерлер мен әйелдерге арналған іскерлік костюмдерге дейін, ұлттық киімдер, бас киім мен аяқ киім, шұлық өнімдері, спорттық киімдер орын тапты, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

И. Жақсыбеков кәсіпкерлерді дүкенніӊ ашылуымен құттықтап, отандық бизнесті дамыту және қалыпты бәсекелестік үшін жағдай жасаудыӊ маӊыздылығын атап өтті. "Бұл дер кезінде қабылданған шешім. Мемлекет басшысы қазақстандық құрамды ұлғайтуға әрдайым ерекше назар аударып келеді. Біздіӊ өндірушілер жаӊа сапалы деӊгейге көтеріліп, қазақстандықтарға сапасы жағынан шетелдік тауарлардан артық болмаса, кем түспейтін өз өнімдерін ұсынуда. Баршаӊызды құттықтаймын!",- деді қала басшысы.

Орталық жұмысын бастаған күні 30 өндіруші өз өнімдерін сатылымға шығарып үлгерді. Солардыӊ ішінде Саӊыраулар қоғамы неке көйлектері мен ұлттық киімдерін сатылымға шығарса, астаналық шұлық фабрикасы мен киіз комбинаты, қарағандылық аяқ киім фабрикасы, шымкенттік "Алтын Адам" іскерлік костюмдер тігу фабрикасы, атыраулық трикотаж өнімдер фабрикасы, семейлік жейделер тігу фабрикасы, алматылық бас киімдер фабрикасы және т.б. өз өнімдерін ұсынуда. Алдағы уақытта қазақстандық басқа да компаниялардыӊ келуіне қарай "УниверMAG.kz" дүкенін кеӊейту жоспарланған. Атап айтқанда, ерлерге және әйелдерге арналған залдар және тоқыма мен киім-кешек бөлімдері бөлек болады.

Қала әкімі тауар ассортиментімен танысып, әмбебап дүкенніӊ алғашқы сатып алушысы болды. Айта кетейік, отандық өнімдерді сатып алғандар бұл күні аз болған жоқ.

Имбебап дүкенніӊ ауданы, қоймаларын қоса алғанда - 240 шаршы метр. Дүкенде бірыӊғай касса жұмыс істейді. Жұмыс істеу кестесі: күн сайын сағат 10:00 - 21:00-ге дейін демалыссыз және үзіліссіз.

Кәсіпкерлердіӊ айтуынша, жақын арада дүкенніӊ сайтында тиісті қызмет арқылы робот-кеӊесшімен (Қазақстанда құрастырылған) сатып алушылар үшін онлайн-экскурсия өткізіледі.

Тәуелсіздік күніне және Сату орталығыныӊ ашылуына орай барлық қазақстандық тауар өндірушілер қайырымдылық акцияға қатысады. Тауарлардыӊ бір бөлігі, ойыншықтар, мектеп формасы, аяқ киім мен шаналар Астана қаласыныӊ Балалар үйіне жөнелтіледі.

Имбебап дүкенніӊ мекен жайы: Астана қ., Күмісбеков к-сі 3а.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны