28.12.2016, 15:53 3994

Астанада өткен Бас бапкерлер кеӊесінде әскери спортты дамытудыӊ негізгі бағыттары белгіленді

Анағұрлым маӊызды оқиғалардыӊ ішінен спорттыӊ олимпиадалық түрлері бойынша лицензиялық турнирлерге жоспарлы түрде дайындық, сондай-ақ, армиялық спортшылардыӊ ІІІ қысқы Бүкіләлемдік әскери ойындар-2017 сайысына қатысуы атап өтілді.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елордада Спорт комитеті - ҚР ҚК Армия орталық спорт клубыныӊ Бас бапкерлер кеӊесі өтті. Кеӊес барысында АОСК штаттық командаларыныӊ жұмысы бойынша есептер тыӊдалып, 2017 жылға арналған жоспарлар белгіленді. Сонымен қатар, әскери спортшыларды марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ ішінде, команда бастықтары 2016 жылы өткізілген іс-шаралар туралы баяндады және алдағы жылға жоспарлар мен перспективаларды талқылады. Анағұрлым маӊызды оқиғалардыӊ ішінен спорттыӊ олимпиадалық түрлері бойынша лицензиялық турнирлерге жоспарлы түрде дайындық, сондай-ақ, армиялық спортшылардыӊ ІІІ қысқы Бүкіләлемдік әскери ойындар-2017 сайысына қатысуы атап өтілді.

Спорт комитетініӊ төрағасы подполковник Расул Мейірманов әскери қызметшілердіӊ балаларына арналған ақысыз спорттық секциялардыӊ ашылуы мен АОСК-ныӊ жетекші спортшыларыныӊ гарнизондарда көшпелі шеберлік сыныптарын өткізуі маӊызды бағыт болатынын атап өтті. "Бүгінде АОСК-ныӊ кадрлық резервісін қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізіп, жас спортшыларға қолдау көрсетуіміз қажет. Сондықтан спортшылардыӊ оқу-жаттықтыру үдерісін, спорттық шараларда өнер көрсетулерін ұйымдастырумен қатар штаттық командалар Алматы мен Щучье қалаларында және Панфилов кентініӊ оқу-жаттықтыру орталықтарыныӊ базасында өскелеӊ ұрпақпен қарқынды жұмыс жасауды бастайды", - деді ол.

ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Иділбек Алдабергенов кеӊесті қорытындылады. Ол АОСК штаттық командаларыныӊ жетістіктерін, әскерлердіӊ дене және әдістемелік тұрғыдағы дайындықтарыныӊ деӊгейін арттырудағы жұмыс үйлесімділігін, дене даярлығы жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілер мен олардыӊ отбасы мүшелері арасында салауатты өмір салтыныӊ насихатталуын атап өтті.

Қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметші спортшылар мемлекеттік наградалар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, Олимпиада ойындарына қатысушы, былғары қолғап шебері кіші сержант Қайрат Ерәлиевке, сондай-ақ, палуан кіші сержант Ғалымжан Өсербаевқа "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі табыс етілді. Одан басқа, аға лейтенант Максим Губарев команданыӊ үздік бастығы, таэквондо командасы үздік команда, ефрейтор Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар үздік спортшылар болып танылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны