16.05.2016, 16:58 4295

Астанада өткен оқу далалық жиынға қатысқандардыӊ 90 пайызы әскерде қызмет еткісі келді

Астанадағы "Отан қорғаушылар" мемориалыныӊ алаӊында елорда мектептерініӊ 10-сынып оқушыларыныӊ 5 күндік оқу далалық жиыны аяқталды. Астана қаласыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, жиынға қатысқандардыӊ 90 пайызы әскери қызметке қажетті дағдыны алу және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге талпыныстары мен әзірліктерін танытты

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Астанадағы "Отан қорғаушылар" мемориалыныӊ алаӊында елорда мектептерініӊ 10-сынып оқушыларыныӊ 5 күндік оқу далалық жиыны аяқталды. Астана қаласыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, жиынға қатысқандардыӊ 90 пайызы әскери қызметке қажетті дағдыны алу және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге талпыныстары мен әзірліктерін танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жиын барысында бозбалалар іс жүзінде бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін, сарбаздыӊ міндеттері мен іс-қимылдарын орындауда шеберліктері мен машықтарын бекітті, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдер мен қозғалыстарды орындау пысықталды", - деді Астана қаласы Білім басқармасыныӊ бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскері Сергей Шарипов, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оқушылар ротадағы ішкі тәртіп туралы түсінік алды, атыс қаруыныӊ материалдық бөлігін, одан оқ ату амалдары мен ережелерін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін зерделеді.

Жиын қорытындысы бойынша "Үздік роталар" аталымында №56 орта мектебініӊ 2-ротасы бірінші орынды, №35 және №52 орта мектептерініӊ 4 және 8-роталары екінші орынды өзара бөлісті, №63, 54 және 53 мектептерініӊ 11, 9 және 5-роталары үшінші орынды иеленді.

"Мектептердегі бастапқы әскери дайындық оқушыларға әрі қарай әскерге қызмет етуге орналасу кезінде көмектеседі", - деп Астана қаласыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығыныӊ орынбасары полковник Бақтияр Пернебеков атап өтті.

Іс-шараныӊ соӊғы кезеӊі жиын қатысушыларыныӊ көрсетпелі көрсетілімдері болды. Олар дефиле, қоян-қолтық ұрыс, взвод құрамында қарусыз саптық айла-тәсілдерді орындау, әскерилендірілген эстафета және т.б. паш етті.

Естеріӊізге сала кетейік, жиындар 11 мектеп пен 68665 әскери бөлімініӊ базасында өткізілді. Онда әскери қызметшілер оқушыларға әскери қызметтіӊ беделі туралы айтып берді және қоян-қолтық ұрыстыӊ машықтарын, жерді шартты лаӊкестерден босатуды көрсетті, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақтыӊ көрсетілімін көрсетті. Жиынға елорда мектептерініӊ 10-сыныптардыӊ 2200-ден аса оқушысы қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны