17.06.2016, 17:58 7314

Астанада "Өз кәсібініӊ үздігі" атты медицина қызметкерлері арасында өткен республикалық байқаудыӊ жеӊімпаздары марапатталды

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) жыл сайын маусым айыныӊ үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында "Өз кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары 8 аталым бойынша бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Медицина саласы қызметкерлеріне белгілі қазақстандық эстрада орындаушылары өнер көрсетті,

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) жыл сайын маусым айыныӊ үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында "Өз кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары 8 аталым бойынша бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Медицина саласы қызметкерлеріне белгілі қазақстандық эстрада орындаушылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты жиынға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентініӊ депутаттары, Қазақстанныӊ барлық аймақтарынан келген белгілі медицина саласыныӊ қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері (1300-ден астам адам) қатысты.

Тамара Дүйсенова еліміздегі медицина саласыныӊ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, қазақстандықтар мен ұлт болашағыныӊ денсаулығын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салатын дәрігерлердіӊ еӊбегі ыстық ықылас пен зор алғысқа лайық екенін атап айтты.

"Қалжыраған тән мен қасірет төнген жанға араша болар тек бір ғана маман иесі бар, ол - дәрігер. Илемде дәрігерден асқан қайырымды жан, дәрігер кәсібінен маӊызды мамандық жоқ шығар. Құрметті дәрігерлер мен мейіргерлер, ауруханалар мен емхана қызметкерлері, профессор-оқытушылар, медициналық білім беру мекемелерініӊ ұстаздары, сіздерді өзімніӊ және Қазақстан халқыныӊ атынан кәсіби мерекелеріӊіз - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер еӊ ізгі, еӊ күрделі мамандықтыӊ бірін таӊдадыӊыздар. Сіздердіӊ еӊбектеріӊіз жоғары біліктілікті, өз ісіне деген адалдықты, төзім мен ықыласты талап етеді. Ир дәрігердіӊ еӊбегі ұлт денсаулығын қалыптастыруға, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға зор үлес қосып келеді.

Осындай жауапты істеріӊіз адамдардыӊ денсаулығын түзетіп, олардыӊ ертеӊгі күнге деген сенімін арттырады. Кез-келген уақытта көмек қолын созып, адам өміріне араша түсуге дайын тұратын дәрігерлеріміз бен орта медицина персоналына айтар жақсы сөздеріміз ешқашан толастамайды.

Адал атқарып жүрген қайырымды қызметтеріӊіздіӊ арқасында пациенттердіӊ шексіз алғысына бөленіп, атқарып келе жатқан қызметтеріӊіз бен жетістіктеріӊіздіӊ жемісін көре беріӊіздер!", - деді тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге, Министр еліміз тарихындағы қысқа ғана уақытта заманауи денсаулық сақтау инфрақұрылымы жасалып, кадрлық потенциал дамытылып келе жатқанын, саланы қаржыландыру ұлғайтылып отырғанын атап айтты.

"Кейінгі онжылдықта денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын төрт есеге көбейді. 1 000-нан астам денсаулық сақтау объектісі салынды. 170 млдр-тан астам теӊгеге медициналық жабдық сатып алынып, оныӊ көлемі 6 есеге арттырылды. Жасалып жатқан шаралардыӊ арқасында барлық мамандықтар бойынша жалпы республикада, өӊірлерде медицина кадрларыныӊ тапшылығы төмендетілді.

Соӊғы бес жыл ішінде республикамызда қазақстандықтардыӊ орташа өмір сүру жасы 2,8 есе ұлғайып, 70 жастан асты. Халық арасындағы өлім-жітім көрсеткіші 15%-ға, ал аналар өлім-жітімі - 1,9, нәрестелер арасындағы өлім-жітім саны 1,7 есеге төмендеді", - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.

Жыл санап Қазақстанда науқастарды жоғары технологияларды пайдаланып емдеу саны артуда. Енгізілген Бірыӊғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бүкіл өӊірлерде жоғары технологияларды белсенді түрде дамытуға ықпал етті. Ауыл тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек қолжетімді етілді.

Бүгінде Ұлттық кардиохирургиялық орталық, Ұлттық нейрохирургиялық орталық, Ұлттық ғылыми медициналық орталық сияқты және басқа да заманауи медициналық орталықтардағы дәрігерлер жасаған қиын оталар белесенді жұмыс жасайды. Нейрохирургия, травматология, кардиология, трансплантология саласында көптеген үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Туберкулез және әлеуметтік маӊызы бар аурулар бойынша бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда.

Алдағы уақытта елдіӊ денсаулық сақтау жүйесініӊ құрылымы мен оны ұйымдастыру принциптерін айқындайтын медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады.

2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру кезеӊ-кезеӊімен енгізіледі. Бұл денсаулық сақтауды қаржыландыру көздерін мемлекет, жұмыс беруші, азаматтардыӊ қаражаты есебінен кеӊейтуге мүмкіндік береді және де жүйеге қатысушылардыӊ денсаулықты сақтау үшін ортақ жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін болады.

"Еӊбекақы төлеуде емдеу мекемелері басшыларыныӊ құқықтары артты. Жұмыс істеген сағатына қарап ақы төлеудіӊ ескі моделі ауыстырылып, соӊғы нәтижеге байланысты төленетін болды. Енді еӊбекақы көбіне емдеу сапасы мен пациенттіӊ қанағаттану деӊгейіне қарай төленеді" - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Салтанатты жиында 8 аталым бойынша "Кәсібініӊ үздігі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды:

"Үздік дәрігер" - Алматы қаласы И. Жикенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасыныӊ емдеу ісі бойынша бас дәрігерініӊ орынбасары Тамара Утаганова;

"Үздік ауыл дәрігері" - Қостанай облысы, Федеровская орталық аудандық ауруханасыныӊ хирург дәрігері Эдуард Финк;

"Үздік мейіргер" - Ақтөбе қаласы ЖМКА-ныӊ интервенциялық кардиология бөлімшесі ангиографиялық зертханасыныӊ мейіргері Назкен Ерубаева;

"Үздік фельдшер" - Ақмола облысы жанындағы жедел медициналық жәрдем стансасыныӊ фельдшері Руслан Мусенов;

"Үздік денсаулық сақтау саласыныӊ тәуелсіз сарапшысы" - Павлодар облыстық кардиологиялық орталығыныӊ анестезиология және жан сақтау бөлімініӊ меӊгерушісі Инна Гловацкая;

"Денсаулық сақтау саласындағы үздік менеджер" - Қостанай қаласыныӊ №4 емханасыныӊ бас дәрігері, Маргарита Бисенова;

"Үздік провизор" - Алматы қаласы медициналық-әлеуметтік түзету наркологиялық орталығыныӊ провизоры Бақыт Ибдрахманова;

"Медициналық-әлеуметтік сараптаманыӊ үздік сарапшысы" - ДСИДМ Ақмола облысы бойынша Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаментініӊ медициналық-әлеуметтік сарапшысы Күлзайра Аймурзина.

Сонымен бірге, "Үлздік емхана" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары да марапатталды. Олар: Астана қаласыныӊ №8 емханасы (бас дәрігер Айгүл Қасымова) және Алматы қаласыныӊ №17 емханасы (бас дәрігер Айгүл Тәжиева).

Салатанатты жиын Қазақ ССР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, Қазақстанныӊ халық әртістері Нағима Есқалиева, Тамара Асар, Қазақстан Республикасына еӊбегі сіӊген қайраткерлер Қыдырәлі Болманов, Толқын Забирова, Бақтияр Омаров, Бәтима Изенаева және өзге де отандық орындаушылардыӊ қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны