23.05.2014, 22:29 4592

Астанада Президенттік тестілеу өтуде

Президенттік тесті тапсыруға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің барлық қызметкерлері, агенттікке қарасты мекемелер мен ұлттық құрамалардың спортшылары қатысады.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі президенттік тестілерді тапсыру спорттық іс-шарасын өткізуде.

Тестілеудің басты мақсаты халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Екіншіден, азаматтардың денсаулығын қай деңгейде екенін анықтау.

17-18 мамыр аралығында тестілеудің бірінші кезеңі өтті. Қызметшілер жүгіру, ұзындыққа секіру сынынан өтті.

Президенттік тесті тапсыруға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің барлық қызметкерлері, агенттікке қарасты мекемелер мен ұлттық құрамалардың спортшылары қатысады.

Сондай-ақ, тағы да бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері атсалысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны