13.02.2017, 16:43 4762

Астанада Ресей киносы күндері өтеді

Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2016 жылғы 5 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған 2017-2019 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және РФ Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өткізіледі.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 17-19 ақпан күндері Астанада Ресей киносы күндері өтеді,- деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясыныӊ баспасөз қызметі.
Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2016 жылғы 5 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған 2017-2019 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және РФ Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өткізіледі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлыныӊ шақыруымен Астанаға Ресейден ресми делегация және ресейлік танымал театр және кино актерлері келеді. 17 ақпан сағ. 16.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей делегациясы өкілдерініӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өткізіледі.

Осы күні, 17 ақпан сағ. 18.00-де, "Керуен" ОСО-ныӊ Kinopark 7 IMAX 3D кинотеатрында Ресей киносы күндері ніӊ ресми ашылуы өтеді. 17 және 19 ақпан аралығында ресей актерлерініӊ қатысуымен көркем, анимациялық, деректі фильмдердіӊ қайырымдылық көрсетілімі өткізіледі.

Олардыӊ қатарында: 17 ақпан сағ. 18.00-де - режиссер Николай Хомерикидіӊ "Ледокол" көркем фильмі; 18 ақпан сағ. 15.00-де - режиссерлер Максим Волков пен Андрей Галаттыӊ "Волки и овцы: безумное превращение" анимациялық фильмі; 18 ақпан сағ. 18.00-де - режиссер Николай Лебедевтыӊ "Экипаж" көркем фильмі; 19 ақпан сағ. 16.00-де - режиссер Оксана Карастыӊ "Хороший мальчик" көркем фильмі.

Астанада Ресей киносы күндерін өткізу бойынша барлық шығындар Ресей тарапынан өтелетін болады. Көрсетілімдерге кіру тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны