28.10.2016, 13:57 4393

Астанада республикалық әкелер форумы өтуде

Форум шеӊберінде әр аймақтан келген үлгілі делегат-әкелерге ұлттық комиссия атынан дипломдар табыс етілді. Күнніӊ екінші жартысында қатысушылар дөӊгелек үстел басында кездесіп, әке институтын дамытудыӊ өзекті мәселелерін талқылайды.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Елорданыӊ Оқушылар сарайында Астана әкімдігініӊ және ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ қолдауымен І республикалық әкелер форумы өтуде.

Шараныӊ мақсаты - бала тәрбиесіндегі әкелердіӊ рөлін күшейту, отбасы институтын нығайту және тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамныӊ назарын аудару.

Форум жұмысына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, және еліміздіӊ барлық аймақтарынан ата-аналар қоғамыныӊ өкілдері қатысуда.

"Форум республикалық деӊгейде алғаш рет өтіп отыр. Алайда шараны өткізудіӊ басты идеясы осыдан үш жыл бұрын Астана қаласыныӊ №59 мектебініӊ базасында пайда болған. Осы уақыт ішінде әкелердіӊ екі қалалық слеті өткізілді. Бүгінгі күні шараныӊ ауқымы ұлғайып отыр. Бұл форум бала тәрбиесіндегі әкелердіӊ беделін арттыруға ықпал етіп, отбасылық құндылықтардыӊ дамуына және нығаюына серпін беретініне сенімдімін", - деді Астана қалалық білім басқармасыныӊ басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Форум шеӊберінде әр аймақтан келген үлгілі делегат-әкелерге ұлттық комиссия атынан дипломдар табыс етілді. Күнніӊ екінші жартысында қатысушылар дөӊгелек үстел басында кездесіп, әке институтын дамытудыӊ өзекті мәселелерін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны