19.01.2019, 22:15 5987

Астанада "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ жаӊа тәсілдері таныстырылды

"Өӊірлерде тарихи-мәдени парктер, "ашық аспан астында" музейлер ашылатын болады, Маӊғыстау облысында бұрғылаушы геологтар музейін ашу, "Отырар", "Таӊбалы", "Ұлытау" республикалық музей-қорықтарында 3 сапар-орталық салу жоспарлануда.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бір жарым жыл ішінде "Рухани жаӊғыру" қоғамдық сананы жаӊғырту Президенттік бағдарламасы нағыз брендке айналды.Қандай да бір оқиғамен таӊданған және қоршаған ақиқатты сынаған кезде ол туралы әрдайым және барлық жерде айтады. Бұл жаӊғырту үнқатып, қоғамға тереӊ енгенініӊ көрсеткіші болып табылады.

16 қаӊтарда "Нұр Отан" партиясыныӊ орталық аппаратында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асырудыӊ жаӊа тәсілдері таныстырылды.

Іс-шараныӊ ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігі болып табылады. Күн тәртібінде - "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды талқылау.

Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова іс-шараны аша отырып, азаматтардыӊ санасын жаӊғыртудаБағдарламаныӊ ерекше маӊыздылығын атап өтті.

Вице-министрдіӊ айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмаларын орындау мақсатындаБағдарламаныӊ әрбір бағыты мен арнайы жобалары бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалған, оларға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді және тікелей нәтижелер индикаторлары әзірленді.

"Бағдарламаны іске асырудыӊ осы кезеӊінде барлық тараптардан белсенді қатысу, бастама, сондай-ақ кеӊ медиа-тарату талап етіледі. Негізгі міндет халықтыӊ барлық топтарын, азаматтық және үкіметтік емес секторды тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаны одан әрі іске асыру мақсатында орталық мемлекеттік органдардыӊ жекелеген іс-шаралар жоспарын қабылдау орынды деп санаймыз", - дедіЖ.Омарбекова.

Бұдан басқа, вице-министр жаӊа тұжырымдамалық тәсілдерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ өкімімен "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады.

"Өӊірлерде тарихи-мәдени парктер, "ашық аспан астында" музейлер ашылатын болады, Маӊғыстау облысында бұрғылаушы геологтар музейін ашу, "Отырар", "Таӊбалы", "Ұлытау" республикалық музей-қорықтарында 3 сапар-орталық салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 20-дан аса сакралдық объектіде жөндеу-реставрациялау жұмыстары жүргізілетін болады. Зияткерлік спорт түрлерімен 5-нан аса оқушы қамтылатын болады, ЖОО, колледждер мен кітапханалар Бағдарлама шеӊберінде аударылған қазақ тіліндегі жаӊа оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады" - деп вице-министр атап өтті.

Іс-шара барысында Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерініӊ баяндамалары тыӊдалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасыныӊ негізгі бағыттарын таныстырды. Мәселен, жобаныӊ мақсаты 2030 жылға қарай елді мекендерде ауыл халқыныӊ кемінде 80%-ын тұруын қамтамасыз ететін, ауылдық аумақтардыӊ өмір сапасыныӊ заманауи стандарттарына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаӊғырту болып табылады.

Бұдан басқа, жастардыӊ ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға кеӊінен қатысуы, дарынды жастарды аграрлық ғылымға тарту үшін жағдай жасау көзделген.

Семинар-кеӊестіӊ қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе және пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ бірқатар ұсыныстар енгізді. Қатысушылардыӊ барлық ұсыныстары одан әрі жұмыс істеу кезінде ескерілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны