19.02.2007, 16:26 3311

Астанада саяжайларды өртеу оқиғалары жиілеп кетті

АСТАНА. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада бақша қоғамдастықтарындағы саяжайларды өртеу оқиғалары жиілеп кетті. Бұл туралы бүгін Астана қалалық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің бастығы Берік Құтпанов Елордасы әкімшілігінде өткен шұғыл кеңес барысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жаңа жылдан бері Астананың бақша қоғамдастықтарындағы саяжайларды өртеу оқиғалары жиілеп кетті. Мәселен, ақпанның 12-сінен 13-іне қараған түні 6 өрт шығып, 10 саяжай жанып кетті",- деді Б.Құтпанов.

Астана қалалық өртке қарсы күрес қызметі департаментіндегілер үйлер қасақа өртелген деген пікірде. "Өрттер негізінен бұзылатын, қараусыз қалған саяжай массивтерінде шығуда",- деді Б.Құтпанов. Өрттің шығуына көбінесе "баспанасы жоқ қаңғыбастар" кінәлі. Қазірде осындай оншақты дерек бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Тұтастай алғанда жыл басынан бері Астанада 109 өрт шығып, олардан келген шығын көлемі 1,7 млн теңгеден асты. "Өрттің шығуына тоқтың қысқаша тұйықталуы, отпен абайсыз қарым-қатынас, құрылыс алаңдарында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеу мен монтаждау тәртіптерін бұзу себеп",- деді департамент төрағасы.

Оның айтуынша, Елордасындағы жаңадан салынып жатқан 52 нысанда жүргізілген тексерулер көптеген заң бұзушылықтардың бетін ашты. "Осы тексерулердің нәтижесі бойынша 36 лауазым иесі мен заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 439 мың теңге айыппұл өндіріп алынды. Біз сонымен қатар қалалық сәулет-құрылыс комиссиясы департаментіне құрылыс салуға құқық беретін лицензияны құрылыс алаңдарын су құбыры крандарымен жабдықтағаннан кейін ғана беру туралы ұсыныспен шықпақшымыз",- деді Б.Құтпанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны