17.08.2006, 11:38 2944

Астанада салынып жатқан Бейбітшілік пен келісім сарайы қыркүйектің басында пайдалануға беріледі

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада салынып жатқан Бейбітшілік пен келісім сарайы қыркүйектің басында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР премьер- министрі Даниал Ахметовтың сарай құрылысын аралауы барысында нысанды салушы бас мердігер - "Сембол Иншаат" компаниясының басшылығы құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы құрылыс қарқынына қанағаттанатынын білдірді. Негізгі жұмыстар аяқталған. Қазір құрылысшылар бөлмелерді әрлеумен айналысуда.

Бейбітшілік пен келісім сарайы Манас көшесінде Есілдің оң жағалауында салынып жатыр. Ол биіктігі 62 метрге жететін пирамида түрінде. Бұнда діни шаралар залы, Қазақстан халықтары ассамблеясының кеңсесі, мұражайлар, көрме залы, қысқы бақ және университет орналасады. Ғимараттың жобасын әлемге танымал сәулетші Норман Фостер жасаған.

Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезі осы сарайда өтеді деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны