29.06.2017, 14:59 4289

Астанада сарапшылар созылмалы инфекциялық емес аурулардыӊ қауіп-қатер факторлары мен таратылу мәселелерін талқылады

Қант диабеті жыл сайын көптеген адамдардыӊ өмірін алып кететін инфекциялық емес аурулардыӊ төрттігіне кіреді.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ, ҚР-дағы Францияныӊ елшілігі мен Санофи компаниясыныӊ қолдауымен ұйымдастырылған Франция, Германия, Ресейдіӊ эндокринология және диабетология саласындағы сарапшылардыӊ, Халықаралық диабет федерациясыныӊ (InternationalDiabetesFederation-IDF) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерініӊ қатысуымен әлеуметтік маӊызды ауруларды басқарудағы заманауи көзқарас, қант диабеті тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар диабет бойынша бағдарламаларды енгізудегі халықаралық тәжірибемен бөлісті, аурудыӊ алдын алу саласындағы ұлттық саясатқа және тәжірибеге шолу жүргізді.

2-типтегі қант диабетініӊ таратылуын және Қазақстанныӊ ересек тұрғындарыныӊ арасында диабет алдындағы жай-күйін (20-79 жас) зерделеу бойынша NOMAD эпидемиологиялық зерттеулерініӊ нәтижелелері жарияланды. Сондай-ақ,ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Санофи компаниясы арасында 2019 жылға дейінгі өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

"Тәжірибе алмасу бойынша халықаралық алаӊ болып табылатын бұл конференция мамандардыӊ сараптамалық пікірін алу үшін медициналық қоғамдастық үшін жақсы мүмкіндік болды. Біз келешекте де азаматтардыӊ өмір сүру сапасын жақсартуға, сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға бағытталған ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жобаларға қатысуға дайынбыз", - деді Санофи Қазақстан басқармасыныӊ төрағасы Ранга Веларатне.

Халықаралық диабет федерациясыныӊ мәліметтері бойынша, 2-типтегі қант диабетімен науқастану және оныӊ таратылуы бүкіл әлемде өсуде. Ол клиникалық көрсетулер мен диагнозды қойғанға дейін 9-12 жыл бұрын дами бастайды. Диабет белгілері жоқ болу кезеӊінде дәрі-дәрмекпен емдеу, өмір сүру салтын өзгертумен байланысты диабеттіӊ дамуына әсер ететін тиімді тәсілдер бар.

Қант диабеті жыл сайын көптеген адамдардыӊ өмірін алып кететін инфекциялық емес аурулардыӊ төрттігіне кіреді.

"Қазақстанда ол жүйелі шешім және мемлекеттіӊ қолдауын талап ететін әлеуметтік маӊызды аурулардыӊ қатарында. Осыған байланысты, біз қант диабетін алдын алу, ерте анықтау және науқастарды тиімді емдеу бойынша шаралар ұйымдастырамыз. 2011 жылдан бастап енгізілген Ұлттық скринигтік бағдарламаныӊ арқасында 2-типтегі қант диабетін ерте анықтау мақсатында жыл сайын 40 жастан асқан 1,5 млн. астам адам скрининг өтеді, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Ол медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде қант диабетіне шалдыққан пациенттер қантты төмендететін препараттармен, инсулинмен, қан глюкозасын анықтау үшін тест тілімдерімен және глюкометрлермен қаматамасыз етілетінін атап өтті. 5 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердегі 1-типтегі қант диабетін емдеудіӊ заманауи әдісін (помпалық инсулинотерапия) енгізу бойынша жоба жүзеге асырылуда.

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде пациенттердіӊ өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру мақсатында қант диабеті, артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік маӊызды аурулардыӊ менеджменті кірген Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді. Бүгінгі күні Бағдарлама республиканыӊ 11 өӊірінде жүзеге асырылуда, 2020 жылға дейін Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде енгізілетін болады", - деп, атап өтті вице-министр,- деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны