11.07.2018, 21:46 3994

Астанада Сау әдеттер марафоны басталды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Сау әдеттер марафонын бастады.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Сау әдеттер марафонын бастады.

"Сау әдеттер марафоны" акциясы қалалық мәслихат депутаттарыныӊ, мемлекеттік қызметкерлердіӊ, медициналық қоғамдастықтыӊ, спортшылардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ және елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ қатысуымен "Денсаулық кепілі - Будь здоров! - Be healthy!" ұранымен өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Іс-шара бағдарламасында: флэшмоб, шатыр астында Денсаулық қалашығыныӊ жұмысы, шұғыл жәрдем дағдыларына үйрету және т.б. Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істеді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті.

Құрметті қонақтар қатарында қазақстандықтардыӊ арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан ардагерлер, атақты спортшылар, әртістер.

Өз сөзінде Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығыныӊ бас директоры Уәлихан Ахметов, Елбасы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаӊа мүмкіндіктер" атты Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажеттігіне назар аударғанын атап өтті.Жолдауды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықты салауатты өмір салты қағидаттары туралы ақпараттандыруға бағытталған қоғамдық денсаулықты нығайту жөнінде Жоспар әзірледі.

Ол, сондай-ақ мемлекет Басшысы қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырғанын және "Challenge Сен басқасыӊ!" спорттық бастамасын қолдағанын айтты.

"Денсаулык" мемлекеттік бағдарламасы аясында мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік негізінде халықтыӊмінез-құлықтық стереотиптерін оқу-ағарту, консультациялар, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулығын сақтаумақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды. "Бүгін біз Сау әдеттер марафонын бастап отырмыз. Қарапайым іс-әрекеттер әр адамға аурудыӊ алдын алуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бас қаламыздыӊ 20 жылдығы аясында Астана Сау әдеттер марафонын бастап, эстафетаны еліміздіӊ басқа да өӊірлеріне беруде.

Сау әдеттер марафоны аясында дастарханнан тұз солонкасын алып тастау; тәулігіне 2 литр су ішу; күнделікті 10 000 қадам жүру сияқты ұсыныстар жасалды.Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығыныӊ, қала, Алматы ауданыныӊ, Денсаулық сақтау басқармасыменбасшылығы өздері үлгі-өнеге болып, сау әдеттерді ұстаушылық жолын көрсетіп, станцияларды өтумен манекенді қолданып, жүрек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Марафонға қатысушылар, достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзініӊтаӊдауы бойынша фастфудтан, газды сұсындардан, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таӊдауға, 100 рет сергіту жаттығуларын жасауға және эстафетаны ары қарай "Ал Сіздіӊ қолыӊыздан келе ме" ұранымен жалғастыруға шақырды.

Марафон бүкіл елімізде "Денсаулык жолы" аясында өтеді және ауруларды ерте диагностикалауға, қарапайым ережелерді сақтау жолымен денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны