13.06.2018, 18:17 5343

Астанада "Сегіз қырлы, бір сырлы" тапқырлар сайысы жарияланды

Сайыстыӊ міндеті:Қоғамда тұлға тәрбиелеуге атсалысу. Тәуелсіз Қазақстан жастарыныӊ санасына төл руханиятты сіӊіру. Өз отаныныӊ тілін, мәдениетін, әдебиетін меӊгерген жан-жақты, өрелі де өжет, білікті де білімді, алғыр ойлы, кез-келген тығырықтан ұтымды жол таба білетін, тиімді шешім қабылдай білетін тапқыр мамандарды табу және оларды көпшілікке насихаттау.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2018 жылғы 26 маусым күні"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы және Астана қаласыныӊ 20 жылдығы аясында елорда аумағындағы мекемелер (мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, аумақтық және құрылымдық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар, орталықтар мен бірлестіктер т.б. мекемелердіӊ қызметкерлерінен құралған топтар) арасында "Сегіз қырлы, бір сырлы" қалалық тапқырлар сайысын жариялайды. Сайыстыӊ мақсаты:

Қоғамныӊ барлық саласында мемлекеттік тілдіӊ қолданылуын арттыруға үлес қосу. Ир салада қызмет атқаратын жас мамандардыӊ өзара береке-бірлігін нығайтуға, оларды отансүйгіштікке баулуға және интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға ықпал ету. Қазақтыӊ рухани қазыналары мен ұлттық құндылықтарын көпшілікке жан-жақты дәріптеу және жаӊғырту.

Сайыстыӊ міндеті:Қоғамда тұлға тәрбиелеуге атсалысу. Тәуелсіз Қазақстан жастарыныӊ санасына төл руханиятты сіӊіру. Өз отаныныӊ тілін, мәдениетін, әдебиетін меӊгерген жан-жақты, өрелі де өжет, білікті де білімді, алғыр ойлы, кез-келген тығырықтан ұтымды жол таба білетін, тиімді шешім қабылдай білетін тапқыр мамандарды табу және оларды көпшілікке насихаттау.

Сайыстыӊ шарты:Тапқырлар сайысына елорда аумағындағы мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, аумақтық және құрылымдық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар, орталықтар мен бірлестіктер т.б. мекемелердіӊ қызметкерлерінен құралған топтар қатыса алады.

Ир топтыӊ құрамында 3 адам болуы тиіс және олардыӊ жас ерекшеліктері 20-35 аралығын құрау керек.

Сайыс 5 (бес) айналымнан тұрады:

1. "Таныстыру" (әр топтыӊ атауы, логотипі, ұраны болу керек және олар оныӊ әрқайсын талдап, таныстыруы тиіс);

2. "Асыл сөз" (әр топ 1 минут ішінде таӊдауына түскен "Тіл, Туған жер, Отан, Салт-дәстүр, Отбасы, Достық, Адамгершілік" тақырыптарыныӊ біріне қатысты мақал-мәтелдер айту керек);

3. "Жүйрік тіл" (әр топ 1 минут ішінде түрлі тақырыптарда жаӊылтпаштарды айту керек);

4. "Зерде" (әр топ 1 минут ішінде таӊдауына түскен тапсырмаға орай "Тіл, Тұлғалар, Салт-дәстүр" тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беру керек, ситуациялық тапсырмаларды орындау қажет, бейнесюжетті сөйлетуі тиіс);

5. "Өнер" (әр топ өз таӊдауы бойыншаұжымдық өнер көрсетуі тиіс).

Сайыстыӊ өту барысы және қорытындысы

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, қаламгерлер мен ғалымдардан, қоғам белсенділері мен танымал жастардан құралған қазылар алқасы сайысқа бағалау жүргізеді.

Сайысқа қатысу туралы өтінім қосымшаға сәйкес 18 маусымға дейін (Бейбітшілік к-сі, 11, 728 каб., [email protected]) қабылданады.19 маусым күні іріктеу ұйымдастырылып, қорытынды сайысқа қатысушы топтар анықталады.

Қорытынды сайыс және марапаттау салтанаты 26 маусым күні Оқушылар сарайыныӊ театр залында өтеді. Жеӊімпаз топтар Астана қаласы әкімініӊ атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама үшін байланыс нөмірлері: 55 67 28, 8 775 335 04 14.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны