26.03.2013, 08:48 3795

Астанада сейсенбі күні жаңбыр жауады

Ауа температурасы елордада 11-13 градус нөлден жоғары болады, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Көшпелі бұлт шығып, жауын жауады.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада сейсенбі күні жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.

Ауа температурасы елордада 11-13 градус нөлден жоғары болады, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Көшпелі бұлт шығып, жауын жауады.

Түнде синоптиктер ауа температурасы 3-5 градусқа дейін төмендейді деп болжауда.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында және Тараз қаласында жел күшейеді деп болжануда, өңірде дабылды ескерту жарияланды.

"Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының ТЖ департаменті Тараз қаласы әкіміне, аудан әкімдері мен облыстық АҚ және ТЖ қызметтерінің басшыларына ескерту шараларын жүргізу қажеттігі туралы хат жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны