22.10.2008, 19:43 3385

Астанада "Шаңырақ-2" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Астанада "Шаңырақ-2" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өткен аптада "Шаңырақ-2" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан үкіметінің құрылыс компанияларға көрсеткен қолдауының нәтижесінде Астанада құрылысы аяқталған тұрғын үй кешендерінің саны көбейіп келеді.

Сенбі күні осындай ірі тұрғын үй кешенінің бірі - "Шаңырақ-2" пайдалануға берілді. Салатанатты рәсімге ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник қатысты.

Салтанатты шарада қала әкімі И.Тасмағамбетов несилеудегі әлемдік дағдарыстың Қазақстанға да кері әсерінің тиіп, соның салдарынан өткен жылы Астанада бой көтерген 200 тұрғын үй кешенінің белігілі бір уақыт ішінде қаржылық қиындықты өткергенін атап көрсетті.

"Алайда мемлекет басшысының тапсырмасымен оларға көмектесу үшін үкімет арнайы шешім қабылдап, құрылымдық бөлімдер арқылы, ең бірінші кезекте "Қазына" акционерлік қоғамы арқылы, сонымен бірге Астана қаласы әкімдігінен тікелей қаржы бөлінді. Осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күні барлық құрылысы бітпеген нысандар құрылысын аяқтауға, ең бастысы, үлескерлердің алдындағы өз міндеттерін орындауға мүмкіндіктері бар" - деді қала әкімі.

Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған нысан сол көмектің арқасында, үкіметтің "Қазына" акционерлік қоғамынан бөлген қаржысы негізінде бітіп отыр" - деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.

"Шаңырақ-2" кешенің жалпы көлемі 23 мың шаршы метрді құрайды. Қазірдің өзінде мұнда 200 астаналық тұрғын қоныстанды.

Сондай-ақ, И.Тасмағамбетов "Шаңырақ-2" кешенін тұрғызған "BI Group" компаниясы астаналық тұрғын үй нарығында беделді ірі құрылыс компанияларының бірі екендігін атап көрсетті.

"Біздің қалада "BI Group" компаниясы 18 кешен тұрғызады және жылдың аяғына дейін 12 кешенді пайдалануға тапсырады. "BI Group" компаниясының шынымен де өз міндетін толығымен орындайтынына біздің күмәнымыз жоқ, - деді қала басшысы.

"Мен сіздердің барлықтарыңызды көптен күткен қуанышты күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алла сіздердің пәтерлеріңізде әрқашан жайлылық, жылулық берсін, шаңырақтарыңызға шаттық берсін. Мерекелеріңізбен!" - деп жаңа қоныстанушыларға тілегін жеткізді қала басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны