13.02.2015, 22:09 4211

Астанада Шыӊғыс Айтматов атындағы көше пайда болады

Оныӊ сөзінше, Астана қаласында 5 - 6 мыӊға жуық, ал жалпы Қазақстан бойынша 27 мыӊ қырғыз халқыныӊ өкілдері тұрады.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласында әлемге әйгілі жазушы Шыӊғыс Айтматовтыӊ атындағы көше пайда болмақ, - деп хабарлайды astinfo.kz. Бұл туралы "Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылудыӊ тарихи маӊыздылығы" атты дөӊгелек үстел барысында "Қырғызтан-Астана" қырғыз этномәдени бірлестігініӊ жетекшісі Шавқат Исмаилов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана қаласында Шыӊғыс Айтматов атындағы көше ашылады. Бұл мәселе Үкіметте бекітілді, ендігі Иділет министрлігініӊ тіркеуі қалды. Көшеніӊ салтанатты ашылуын өткізбекпіз. Бұл біздіӊ Елбасымыздыӊ құрметі деп білемін", - деді Шавқат Исмаилов, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, Астана қаласында 5 - 6 мыӊға жуық, ал жалпы Қазақстан бойынша 27 мыӊ қырғыз халқыныӊ өкілдері тұрады.

Шыӊғыс Төреқұлұлы Айтматов - әлемніӊ ұлы жазушысы. "Жәмилә", "Алғашқы ұстаз", "Қош бол, Гүлсары", "Ғасырдан да ұзақ түн", "Ақ кеме" секілді танымал туындылардыӊ авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлығыныӊ үш мәрте иегері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны