21.12.2015, 14:18 3935

Астанада сиреналарды қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі

22 желтоқсанда сағат 09:00 Астана қаласыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті телерадиоарналарды ұстап, электросиреналар қосу арқылы құлақтандыру жүйесін тексеретін болады. Құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлы түрде өткізіледі және ай сайын жүргізілмек

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - 22 желтоқсанда сағат 09:00 Астана қаласыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті телерадиоарналарды ұстап, электросиреналар қосу арқылы құлақтандыру жүйесін тексеретін болады. Құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлы түрде өткізіледі және ай сайын жүргізілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Төтенше жағдайдыӊ туындау қаупі болған немесе туындаған жағдайда халықтыӊ назарын аудару үшін электросиреналар немесе басқа сигналдық құралдар қосылады, бұл "Баршаныӊ назарына!" бірыӊғай құлақтандыру сигналын беру белгісі болып табылады. Осы сигналды естіген кезде қала тұрғындары қалыптасқан жағдайда әрекет ету туралы ақпарат пен нұсқаулық алу үшін дереу қолжетімді ақпарат қабылдау құралын (теледидар - "Хабар", "Қазақстан", "Бірінші Евразия", "Астана", КТК, НТК телеарналары; радио - "Радио FM Астана", "Шалқар", "Ретро FM", "Авторадио", "Қазақ радиосы") қосуы керек, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Астана қаласыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырлық сақтауға, әбігерге түспеуге шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны