30.05.2018, 22:23 3781

Астанада "SMART TIL" инновациялық байқауыныӊ қорытынды іс-шарасын өткізілді

Қорытынды шарада іріктеуден өткен "balbala қуыршақтары", "электронды қазақ үй", "жеті ойыншық", "SMART бесік", "Даналық әліппесі", "Ақылды қоян", "QAZAQsha" кириллицадан латыншаға аудару" жобалары таныстырылып, үздіктер қала әкімдігініӊ атынан марапатталды.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейініӊ ғимаратында "SMART TIL" инновациялық байқауыныӊ қорытынды іс-шарасын өткізді.

Іс-шараныӊ мақсаты:

Мемлекеттік тілді дамыту және оныӊ қолданыс аясын кеӊейтудегі жаӊа әдістер мен технологияларды іздестіру. Инновациялық жобалар ұсыну арқылы тілді дамытудағы жаӊа қадамдарды табу.

Алдын-ала байқау шарттары жарияланған болатын. Байқауға қатысуға үміткерлердіӊ инновациялық жобалары қабылданып, сарапшылар тобыныӊ іріктеуінен өтті.

Қорытынды шарада іріктеуден өткен "balbala қуыршақтары", "электронды қазақ үй", "жеті ойыншық", "SMART бесік", "Даналық әліппесі", "Ақылды қоян", "QAZAQsha" кириллицадан латыншаға аудару" жобалары таныстырылып, үздіктер қала әкімдігініӊ атынан марапатталды. Сондай-ақ, осы жобалар жөнінде бейнесюжеттер көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.

Аталған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, тіл мамандары, қазақ тілі пәнініӊ оқытушылары мен мамандары, жас мамандар және БАҚ өкілдері шақырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны