04.09.2017, 11:45 4583

Астанада Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Мәдениет күндерiнiӊ гала-концертiн 5 мыӊнан астам адам тамашалады

"400-ден астам әртiс Астана қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтары үшiн өнер көрсеттi. Бағдарлама Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ еӊ үздiк ұжымдарымен жасалды. Барлық әртiстер өз шығармаларын үлкен ықыласпен орындап шықты",-деп атап өттi СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысыныӊ мiндетiн атқарушы Ермек Рақымов.

Петропавловск. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада 11 күнге жалғасқан Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Мәдениет күндерiнiӊ шарықтау шегi "Қызылжар елi-Қазақстанныӊ маржаны" атты гала-концертi болды. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесi аясында өткен концерттi 5 мыӊнан астам адам тамашалады.

"400-ден астам әртiс Астана қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтары үшiн өнер көрсеттi. Бағдарлама Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ еӊ үздiк ұжымдарымен жасалды. Барлық әртiстер өз шығармаларын үлкен ықыласпен орындап шықты",-деп атап өттi СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысыныӊ мiндетiн атқарушы Ермек Рақымов.

Музыкалық кеш "Туған жер" және "Идемi-ау" атты танымал ансамбльдердiӊ "Болашақ энергиясы" хореографиялық композициясынан басталды. Өздерiнiӊ энергиясымен және қимыл-қозғалыстарыныӊ жеӊiлдiгiмен ұжымдар көрермендерде үлкен әсер қалдырды.

"Бұл әсерлi концерт болды. Басталғаны жаӊа, ал бiз керемет әсер алып отырмыз. Келгенiмiзге өкiнген жоқпыз",-дедi өз әсерiмен бөлiскен көрермен Мария Павлова.

Сондай-ақ концертке Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ тумалары, ҚР еӊбек сiӊiрген қайраткерлерi Азамат Жылтыргөзов пен Дәурен Ғылымовтар қатысты. Азамат Жылтыргөзов Бақыт Iлиясовпен, Ермек Бiрiмжановпен және Руслан Мустафинмен бiрге "Севильский цирюльник" шығармасынан Фигаро каватинасы композициясын орындады. Солистердiӊ дауыстарыныӊ тембрi мен диапазонын естiген көрермендер туындыны қайта орындауды сұрап, шапалақ ұрды.

Жиналған қауым үшiн ерекше тосынсый Қазақстанныӊ еӊбек сiӊiрген қайраткерi Жәмилә Серкебаеваныӊ өнер көрсетуi болды. Ол Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ тумасы, Социалистiк Еӊбек Ерi, КСРО халық әртiсi Ермек Серкебаевтыӊ есiмiне арнап энергия мен толғанысқа толы "Поппури" композициясын орындады.

Жұлдыздардыӊ қатарында халықаралық және республикалық байқаулардыӊ лауреаттары да болды. Өздерiнiӊ тартымды нөмiрлерiн хореографиялық балалар ансамблi мен құлағында мүкiсi бар балалардан құралған Қазақстандағы жалғыз ансамбль "Sensetive" ұсынды.

Концертке сонымен қатар, Солтүстiк Қазақстанныӊ жас өнер иесi Имина Жапар да қатысты. Ол 2017 жылы Сочиде өткен "Новая волна" халықаралық байқауыныӊ балалар фестивалiнде елiмiз намысын қорғаған болатын. Гала-концертте Имина Тина Тернердiӊ "The simple the best" әнiн шырқады. Дарынды қыз өз дауысымен залға жиналған көрерменнiӊ жүрегiн жаулап алды. Оған дәлел-тоқтаусыз соғылған шапалақтар. Ал "Ринго" мен "Аюми" топтары жастардыӊ көрiгiн қыздырды.

Солист Бiржан Есжанов пен мерекелiк бағдарламаға қатысушылардыӊ "Жерiм менiӊ" композициясын орындауы гала-концерттiӊ соӊғы әрi жарқын сәті болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны