03.07.2008, 14:27 1351

Астанада Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі Елордасының мерейтойына орай реконструкциялаған гүлзардың тұсаукесері өтті

Астанада Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі Елордасының мерейтойына орай реконструкциялаған гүлзардың тұсаукесері өтті

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі Елордасының мерейтойына орай реконструкциялаған гүлзардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсімге парламент мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, сондай-ақ, Астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Демалыс аймағы қаланың ескі бөлігінің орталығында, Бөгенбай батыр және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мәлік Мырзалиннің айтуынша, "бұл нысанның бір қызғылықты элементі сұхбаттасу орны мен ерекше стильді арка болмақ, олар осыдан көп жыл бұрын Петропавловск қаласының Воскресенский даңғылында тұрған. Петропавловск үшін бұл екі қаланы байланыстыратын нышанды зат", - деді ол.

Гүлзарды жаңалау жұмыстары екі айға созылып, осы уақытта 30 астам шыршалар мен гүлдер егілді. "Осында қойылған көптеген заттар Петропавловск кәсіпорындарында жасалған", - деді М. Мырзалин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны