23.10.2009, 16:28 3501

Астанада соңғы аптада 1348 оқушы өткір респираторлық вирустық жұқпамен ауырды

Астанада соңғы аптада 1348 оқушы өткір респираторлық вирустық жұқпамен ауырды

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Астанада соңғы аптада 1348 оқушы өткір респираторлық вирустық жұқпамен ауырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мәлімдемесі бойынша, 1997 жылы 1 шілдеде туған Акимушкина Юлия Евгеньевна деген балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы келіп, тіршілік белгілерісіз төсекте жатқан қыз баланың мәйітін анықтады. Биологиялық қайтыс болуы тіркелді".

Бала "Демеу" АМСК орталығында өткір респираторлық вирустық жұқпа бойынша амбулаториялық емделген. Балаға мектепке анықтама берілген.

"Үй жағдайындағы өлімге байланысты сот - медициналық сараптама жүргізу үшін мәйіт сот - медициналық сараптамаға жеткізілген. Онда пневмония деген қорытынды шығарылды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, гистологиялық зерттеулерден кейін және сот - медициналық сараптаманың соңғы қорытындысынан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

Министрліктің мәліметінше, Астана қаласында 70 039 оқушы бар, соңғы аптада ӨРВЖ-мен 1348 оқушы ауырды, олардың арасынан 52 адам ПТР әдісімен тұмау вирусын сәйкестендіруге тексерілді, вирус көрсеткіші тіркелмеді. Жұқпа бойынша аурушаңдық шегі деңгейінен аспағандықтан, карантин жарияланған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны