28.10.2015, 17:18 3921

Астанада сот әйелін өртеп жіберген Қ.Сәдуовті 18 жылға соттады

Астана қаласы Қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен Қанат Сәдуов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында (аса қатігездікпен кісі өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған қатаӊ режімдегі түзету колониясында жазасын өтеумен, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы Қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен Қанат Сәдуов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында (аса қатігездікпен кісі өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған қатаӊ режімдегі түзету колониясында жазасын өтеумен, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот Қанат Сәдуовтіӊ 2015 жылғы мамырда Астанада №25 мектептіӊ маӊында бұрынғы әйелі Светлана Сәдуованыӊ үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін анықтады. Алынған күйік салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұсынылған дәлелдер жиынтығын бағалап, сот сотталушы қасақана өлтіру әрекетін жасаған деген тұжырымға келді.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны