05.05.2014, 20:28 29160

Астанада спорттық-оңалту орталығы ашылды

Мұндай орталық Қазақстанда жалғыз және ол барлық халықаралық талаптарға сай.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Астанада спорттық-оңалту орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы бірнеше бағытта өрбиді. Олар: спорттық медицина, жарақаттар мен хирургиялық жолмен емделуден кейін оңалту, қалпына келтіру медицинасы.

Қазақстан Теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық заманауи озық техналогиялармен жабдықталған, атап айтатын болсақ, DAVID жаттығу құрылғысымен, 4D өлшеу жүйесі және криокамерамен. Ол өз кезегінде арқа және тіреуіш-қозғалыс аппараттарынның ауруларын емдеуге мүмкіндік береді.

Орталық тек кәсіби спортшыларға ғана емес, сонымен қатар, жарақат алғандарға және ота жасалғандарға, белсенді өмір жүргізетіндерге арналған.

Қазақстандық теннисші Юрий Щукин спорттық - оңалту орталығының басшылығын өз қолына алды. Оның айтуынща, бүгінде спортшылардың алдында шетелге шықпай-ақ, жаттығудан қалмастан білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік туды. Мұндай орталық Қазақстанда жалғыз және ол барлық халықаралық талаптарға сай.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны