22.04.2015, 21:01 4022

Астанада сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсарту, сонымен қатар, инженерлік желілер мен жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру елорданыӊ дамуыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Осы мақсатта инженерлік желілер мен сумен жабдықтау жүйелері жөнделуде

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсарту, сонымен қатар, инженерлік желілер мен жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру елорданыӊ дамуыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Осы мақсатта инженерлік желілер мен сумен жабдықтау жүйелері жөнделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Аталмыш жұмыс ТКШ инфрақұрылымын модернизациялау аясында жүргізіліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол болашаққа бастар жол" атты халыққа Жолдауында жылу және сумен қамту жүйелерін модернизациялау қарқынын күшейту үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлудіӊ қажеттілігін ерекше атап өткен болатын, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Астана Су Арнасыныӊ" хабарлауынша, биыл қала аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылады. "Алматы" ауданында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту жұмыстары мына көшелерді қамтыды:

1) Кенесары көшесі - Қошқарбаев көшесі

2) Кенесары көшесі - Иманбаев көшесі

3) Мұстафин көшесі - Құдайбердіұлы көшесі

4) Мұстафин көшесі - Қобыланды батыр көшесі

"Сарыарқа" ауданында жұмыстар мына көшелерде жүргізіледі:

1) Сейфуллин көшесі (Иуезов көшесінен Сарыарқа даӊғылына дейін)

2) Желтоқсан көшесі (Мәскеу көшесінен Бөгенбай батыр даӊғылына дейін)

3) Қарасай батыр көшесі (Сарыбұлақ көшесінен Қарталы көшесіне дейін)

4) Конституция көшесі (Сарыбұлақ көшесінен Қарталы көшесіне дейін)

Сонымен қатар, "Астана Су Арнасы" канализация қызметі 2015 жылдыӊ инвестициялық бағдарламасы бойынша келесі көшелерде жұмыстар жүргізбек:

1) Сарыбұлақ көшесі (Мәскеу көшесінен Тілендиев көшесіне дейін)

2) Тілендиев көшесі (Сарыбұлақ көшесінен Сарыбұлақ бұлағына дейін)

3) Өндіріс көшесі бойында (Автоматика кентінен Озерная көшесіне дейін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны