18.02.2019, 14:20 5853

Астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары тұрғын үй сертификаттары бойынша алғашқы заемдарды алды

Тұрғын үй сертификатын Лаура Баймурзаева 2018 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласы әкімі Бақыт Сұлтановтың қолынан алған еді. Сол сәтте осындай номиналы 1 млн теңгені құрайтын тұрғын үй сертификаттарын жалпы алғанда 90 адам алған еді. Олардың қатарында мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер мен полицейлер де бар. Жалпы алғанда, Астана әкімдігі оларға 90 млн теңге бөлген.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Тұрғын үй сертификаты арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) арқылы тұрғын үйге кредит алғандардың бірі - Лаура Баймурзаева. Қазақ тілінің мұғалімі Астанада 11,8 млн. теңгеге бір бөлмелі пәтер сатып алды. Ол 2 млн теңгені банктегі шотына өз бетінше жинақтаған және тағы 1 млн теңге оған Әкімдік тарапынан аударылған. Осылайша, мұғалімнің бастапқы жарнасы 25%-ды құрады. Содан соң, ТҚЖБ оның төлем қабілеттілігін бағалай отырып, оған жылдығы 7% мөлшерлемесі бойынша, оны әрі қарай 3,8 %-ға дейін төмендетумен, 15 жылға кредит берді.

Тұрғын үй сертификатын Лаура Баймурзаева 2018 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласы әкімі Бақыт Сұлтановтың қолынан алған еді. Сол сәтте осындай номиналы 1 млн теңгені құрайтын тұрғын үй сертификаттарын жалпы алғанда 90 адам алған еді. Олардың қатарында мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер мен полицейлер де бар. Жалпы алғанда, Астана әкімдігі оларға 90 млн теңге бөлген.

-Бюджеттік қызметкерлердің меншікті тұрғын үйді сатып алуы олардың бойына болашаққа деген сенімділікті ұялатып қана қоймай, білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары саласындағы қалалық қызметтердің жоғары білікті мамандарының корпусын қалыптастыруға көмектеседі. 2019 жылы Астана әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкідәрігерлерді, мұғалімдерді және полицейлерді қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады. Астаналық билік өкілдері осы мақсаттар үшін 2 млрд теңге бөлуді және бюджеттік саланың 2 000 қызметкерін тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл жағдай олардың 20%-ды құрайтын ең төменгі бастапқы жарнаға ақшаны жылдамырақ жинақтауына мүмкіндік береді.Содан кейін ҚТҚЖБ, жылдық 7% мөлшерлемесі бойынша, оны әрі қарай төмендетумен, кредит береді,-деп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев атап көрсетті.

Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың бүкіл тізімін бірқатар сипат белгілер бойынша Астана әкімдігі жасайды. Өтініш берген сәтте мұғалімдерде, дәрігерлерде және полицейлерде Астанада және оның маңында баспанасы болмауы тиіс. Сондай-ақ, үміткерлер және олардың отбасы мүшелері тұрақты астаналық тіркеуде болуы тиіс. Сонымен қатар олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның салымшылары болуы тиіс және олардың өз шоттарында жинақтаулары болуы тиіс.

Астана әкімдігі төлем қабілеттілігін растау үшін іріктелген үміткерлердің дайын тізімін ҚТҚЖБ-ға жібереді. Содан соң үміткерлердің соңғы пулы жасалады және бір ай ішінде ақша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарға аударылады. Осыдан кейін әлеуметтік көмекті алушыға тұрғын үйді таңдауға және оны сатып алуға уақыт беріледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны