03.10.2012, 15:23 3303

Астанада "Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ғалым-тарихшылар, ЖОО оқытушылары мен колледж және мектеп мұғалімдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Ұлттық мұрағат мекемесінің қызметкерлері қатысады.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Ертең Астанада "Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері" атты дөңгелек үстел өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ғалым-тарихшылар, ЖОО оқытушылары мен колледж және мектеп мұғалімдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Ұлттық мұрағат мекемесінің қызметкерлері қатысады.

Дөңгелек үстел жиынында орта мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында тарих пәнінен білім беруді жаңартудағы қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, оқулықтың мазмұны мен пішіні талқыланады.

Дөңгелек үстелдің модераторы - Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған. Оған Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшылары, оқу орындарының оқытушылары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, ф.ғ.к., профессор Күлзира Ысқақова, ҚР БҒМ ҒК "Мемлекет тарихы институты" ММ Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Задаш Дүкенбаева және т.б. қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны