23.07.2018, 23:40 3858

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ аруы атағы үшін байқау өтеді

Байқау өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде (22 жылда) алғаш рет Астанада ұйымдастырылып отыр және ол елорданыӊ 20 жылдығына орайластырылды.

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today - Астанаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ аруы атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 жастан 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды.

Байқау өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде (22 жылда) алғаш рет Астанада ұйымдастырылып отыр және ол елорданыӊ 20 жылдығына орайластырылды.

Байқаудыӊ мақсаты - қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту.

Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеӊнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.

Қатысушылар ақтық сайысқа бірнеше күн қалған кезде Астанада жиналып отыр.Осы уақыт аралығында олар қазақ халқыныӊ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, сондай-ақ Астананыӊ көрікті жерлерін аралап, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады.

Нақтырақ айтқанда, байқауға қатысушылар "Нұрлы жүрек" психоневролоиялық диспансерде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері "Астана-Арена" стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігінде ұйымдастырылдатын қабылдау кешке қатысады. Естеріӊізге сала кетейік, 2017 жылы "ТМД аруы" байқауы Армения астанасы Ереванда өтті. Ал 27 шілде сағат 19.00-де "Казмедиа орталығы" киноконцерт залыныӊ сахнасында байқаудыӊ ақтық мәресі өтеді.

Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады. Эксклюзивті шоу бағдарламаға сонымен қатар әлемдік сахна жұлдызы, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысады.

Байқауға қатысушылар үшін өткізіліп отырған шара - әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар мен режиссерлермен ынтымақтастық орнату үшін үлкен мүмкіндік.

"ТМД аруы" байқауы 1996 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. "ТМД аруы-2018" байқауы "ТМД аруы" Халықаралық байқауыныӊ бас директоры және негізін қалаушысы Наири Мнацаканян мен "Velada халықаралық модель агенттігініӊ тікелей қолдауымен өткізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны